ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: КҮЗГІ МАУСЫМДА 28 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕГІЛДІ: Түркістан облысы, 18 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: КҮЗГІ МАУСЫМДА 28 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ЕГІЛДІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Төлеби ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен төлебиліктер кезекті сенбілікте белсенділік танытып, күзгі тал көшеттерін екті. Аудан көлемінде жүргізілген тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері атсалысып, әрбір ұжым өздеріне бөлінген аумақтарды қоқыстан тазартты. Күзгі маусымда ауданда 28 мыңға жуық тал көшеті егілуде. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алынған айлант, үйеңкі, шаған, қарағаш, терек, арша көшеттерін егуге аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ерікті жастар жұмылдырылды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Төлеби ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен төлебиліктер кезекті сенбілікте белсенділік танытып, күзгі тал көшеттерін екті. Аудан көлемінде жүргізілген тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері атсалысып, әрбір ұжым өздеріне бөлінген аумақтарды қоқыстан тазартты. Күзгі маусымда ауданда 28 мыңға жуық тал көшеті егілуде. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алынған айлант, үйеңкі, шаған, қарағаш, терек, арша көшеттерін егуге аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ерікті жастар жұмылдырылды. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақтағы жаңалықтар