Өтініштермен жұмыс сапасын арттыру мәселесі талқыланды
Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлының төрағалығымен азаматтардан келіп түскен өтініштермен жұмыс істеу сапасын арттыру туралы кеңес отырысы өтті,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облыстық департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің басшысы Жанна Абрахманованың айтуынша, аймақта жергілікті атқарушы органдарға түсетін жолдамалар өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға артқан.
- Биыл Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына 17 633 жолданым түсті. Бұған «Е-өтініш» жобасының жүзеге асуы себеп болып отыр. Жүйе енгізілгеннен бері азаматтардың талабын білдіру жолы жеңілдеді. Бұл платформамен көбіне облыстық аппарат пен басқармаларға, Атырау қаласының әкімдігінде (2 987), Жылыой ауданына (1 195), Құрманғазы ауданында (342) жолдамалар түседі,- деді Ж.Абдрахманова.
Аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы жауапты мамандарға өтініштермен жұмысты ұйымдастырудың жәй-күйіне күнделікті мониторинг жүргізіп, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен тоқсан сайын кеңестер өткізуді тапсырды.
- Мемлекеттік органдардан келген тапсырмалардан бөлек, тұрғындардың «Е-өтініш» арқылы жолдайтын арыз-талаптарына жауап беріп, өтінішін орындауды алдынғы орынға қою керек. Бізге келетін әр жолдаманың артында үміт бар, сенім бар. Егер осы жұмыстарға немқұрайлы қарайтын болсақ, онда кәсібилігімізге сын келеді. Сондықтан жиі кеңес отырыстарын жиі өткізіп, бұл жұмысқа салғырт қараған қызметкерлерге облыс әкімі аппаратының тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтар жолдансын,- деді Н.Жеңісбекұлы.
Анықтама үшін: Жеке немесе заңды тұлға өтініш беру үшін Google арқылы «Е-өтініш» деп теріп, әрі қарай өтініш беру батырмасын басып, ЭЦҚ-кілтімен кез келген мемлекеттік мекемеге өз сауалын жібере алады. Оған тиісті Заң бойынша 15 жұмыс күнінде жауап беріледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -