Тұрғын үйлерді сатып алу және реневациялау бағдарламасы: көкшетаулықтардың тұрғын үй жағдайлары қалай жақсарады
Биыл облыста 560 мың м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бес мыңнан астам ақмолалық отбасылардың тұрғын үй жағдайлары жақсарды. Бұл туралы Көкшетау қ. халқымен есеп беру кездесуінде облыс әкімі Марат Ахметжанов айтты.
Көкшетауда соңғы үш жылда 11 бюджеттік үй немесе 515 пәтер пайдалануға берілді. Биыл 2 жалға берілетін және 11 кредиттік үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен екі есе көп.
Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бірегей мүмкіндік – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйді сатып алу жөніндегі жаңа бағдарлама пайда болды. Бұл тетік көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және азаматтардың басқа да санаттарына арналған тұрғын үй мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді. Жалпы, облыс бойынша биыл 850 пәтер сатып алынды, оның 318-і облыс орталығында.
Сондай-ақ, биыл Көкшетауда тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы басталды.
«Жалпы Көкшетау бойынша 11 жергілікті аймақ бар, онда кезең-кезеңімен 136 ескі үйге жөндеу жүргізілетін болады. Бұл шаралар жаңа әлеуметтік және тұрғын үй объектілерін, үйлесімді сәулет стилін, абаттандырылған аумақтарды, саябақтарды, балалар аула алаңдарын құруға мүмкіндік береді. Осылайша, біз қаланың жаңа келбетін қалыптастырамызмыз», - деді Марат Ахметжанов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -