Тұрақты электрмен жабдықтау үшін Қарағандыда қандай жұмыстар жасалды
Қарағандыда электр желілері 73 % тозған. Осы жазда қала тұтынушылары әртүрлі аудандарда болып жатқан электр қуатының үзілуіне жиі шағымданды. "Қарағанды Жарық" компаниясында электр қуатымен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған инвестициялық бағдарламаны іске асыру туралы айтылды.
Мысалы, Оңтүстік-Шығыста жаңа кабельдік желілер тартылып жатыр.
– "Оңтүстік-Шығыс" қосалқы станциясы 2012 жылы қайта жөндеуден өтті. Трансформаторлар толығымен ауыстырылды. Бірақ өткен ғасырдың 60–70-ші жылдарында салынған желілер ауыстырылған жоқ. Былтырдан бастап оларды жаңарту жұмыстары басталды. Степной шағын аудандарына жаңа кабельдік желілер тартылды. Қазір біз "Арай" базарының ауданында орналасқан қосалқы станциядан ЦРП-5-ке кабелі ауыстырып жатырмыз. Бұл 8,3 км. Кабель сапасы жақсы, – дейді "Қарағанды Жарық" ЖШС Бас директоры Дидар Ахмадин.
Мердігердің мәліметтері бойынша жұмыс 40 % орындалған. Жаздың аяғында аяқталуы керек. Бұл желідегі жүктеменің артуын көтеретін болады, дейді энергетиктер.
Сонымен қатар, "Панель-орталыққа" дейін жаңа кабельдік желілер қарастырылған.
30-шы шағын ауданда "Болашақ" жаңа қосалқы станциясын салу жоспарланған. Бас директордың айтуынша, жоба мемлекеттік органдармен келісіледі, содан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісуге болады. Жобаны іске асыру екі-үш жылға созылады.
Жабдықтарды жаңғырту Қарағандының жүрегі саналатын "Жаңа қала" қосалқы станциясында да жүріп жатыр. Бұған дейін мұнда қайта құру он жыл бұрын жүргізілген. Қазір жаңа, қуатты трансформатор орнатылуда. Оған тапсырыс қыста беріп қойған, алты ай бойы Өзбекстандағы зауытта өндірілді. Орнату аяқталуда, жақын арада іске қосылады деп күтілуде.
– Жаз – жөндеу науқанының қызу уақыты. Әрине, тұтынушы мұны көрмейді, сондықтан біздің компания жұмыс істемейді деп санайды. Іс жүзінде жұмыс ауқымды және тек қалада ғана емес, облыс бойынша да жүргізілуде. Ең алдымен, бұл электр қуатымен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған. Біздің жұмысымыздың көрсеткіші – қысқы уақыт кезеңі. Жазда жасағанның бәрі тұтынушының қыста жарық және жылумен болуы үшін қажет, – деп атап өтті "Қарағанды Жарық" ЖШС техникалық директоры Константин Конради.
Федоровкада жаңа қосалқы станция салынады. Оның негізі қаланды.
"ГПП-1 – ПС Саран" әуе желісін қайта құру жүріп жатыр. Компания үш энергия торабын: Саран, Теміртау және Қарағанды тораптарын қосатынын түсіндірді. Бұл сонымен қатар электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады.
"Жаңа Майқұдық" қосалқы станциясы ұзақ уақыт бойы шамадан тыс жүктеліп келеді. Бұл мәселені шешу үшін қоректендіру желісі бар жаңа қосалқы станция салынды. Мердігер трансформаторды жеткізуге келісімшарт жасасып жатыр.
Қарағандыда барлығы 1472 км кабельдік желі, 32 қосалқы станция бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -