ТҮРКІСТАН: 109 ОРТАЛЫҒЫНА БИЫЛ 80 МЫҢНАН АСТАМ ҚОҢЫРАУ ТҮСКЕН
Ел Президенті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыруды, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіретін бірқатар кемшіліктерді жоюды тапсырған болатын. Осы ретте Түркістан облысының 109 бірыңғай байланыс бөлімі тәулік бойы тұрғындардан түсетін өтініштерді қабылдауда.
Жыл басынан бері 113 826 қоңырау келіп түссе, оның 81 916-на дер кезінде жауап берілген. Соның ішінде 31 837 арыз-шағым қабылданған. Бүгінде 230 өтінім жұмыс барысында тұр. Орталық «Aikey» ақпараттық жүйесінде 5 бағыт бойынша жұмыс істейді.
Айта кетейік, операторлар орташа есеппен күніне 150-200 қоңырауға дейін қабылдайды. Өтініштердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі бойынша, оның ішінде жарық, ауыз су, газ, жол мәселелеріне байланысты түседі. Сондай-ақ референдум және сайлау бойынша ақпарат берілген.
Байланыс орталық өтінішті жан-жақты қабылдайды. Атап айтқанда, 109 қысқа нөмірі, «Aikey» мобильді қосымшасы, turkestanobl.109@gmail.com электронды поштасы, WhatsApp желісі, телеграмда арнайы чат боты, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы келіп түскен өтінімдер қаралып, жауаптары арыз иесіне жолданады.
Айта кетейік, тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында облыс аумағындағы бильбордтарға 200-ге жуық баннер орнатылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -