ТҮРКІСТАН: 2025 ЖЫЛЫ САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ 102 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ: Түркістан облысы, 13 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 2025 ЖЫЛЫ САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ 102 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: 2025 ЖЫЛЫ САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ 102 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: 2025 ЖЫЛЫ САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ 102 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, жол салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалалардың даму жоспары жүйеленіп, тұрғындардың өтініштеріне сай істер атқарылуда. Соның бірі – Сарыағаштағы айналма жол мәселесі. ҚР Көлік министрлігінің тапсырысымен 2025 жылдан бастап «Сарыағаш қаласы айналма жолын салу»

нысанын іске асыру жоспарланып отыр. Жолдың жалпы ұзындығы 102 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда, министрлік тарапынан жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жол құрылысы Қабланбек елді мекенінен басталып Қызыләскер елді мекеніндегі «Б.Қонысбаев» кеден бекетіне дейін жалғасады. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, нысаның құрылысы кезінде 9 дана жолайрық, 26 көпір, 5 жер асты өткелі, 11 теміржол өткелі, 4 демалыс алаңы, 1 жол пайдалану телімі және 10 ақылы жол аркасы орнатылады. Бұл жұмыстар халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардың экономикалық әлеуетін көтеріп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға үлес қоспақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, жол салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалалардың даму жоспары жүйеленіп, тұрғындардың өтініштеріне сай істер атқарылуда. Соның бірі – Сарыағаштағы айналма жол мәселесі. ҚР Көлік министрлігінің тапсырысымен 2025 жылдан бастап «Сарыағаш қаласы айналма жолын салу» <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>нысанын іске асыру жоспарланып отыр. Жолдың жалпы ұзындығы 102 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда, министрлік тарапынан жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жол құрылысы Қабланбек елді мекенінен басталып Қызыләскер елді мекеніндегі «Б.Қонысбаев» кеден бекетіне дейін жалғасады. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, нысаның құрылысы кезінде 9 дана жолайрық, 26 көпір, 5 жер асты өткелі, 11 теміржол өткелі, 4 демалыс алаңы, 1 жол пайдалану телімі және 10 ақылы жол аркасы орнатылады. Бұл жұмыстар халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардың экономикалық әлеуетін көтеріп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға үлес қоспақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар