ТҮРКІСТАН: №5 ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАДАҒАЛАНУДА
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сала мамандарымен бірге Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығындағы жөндеу жұмыстарын бақылады.
Қазіргі таңда №7,8,9,10,11,12 қазандықтарында қайта құру жұмыстары жүргізілуде. №8 және 11 қазандықтың монтаждау жұмыстары аяқталды. Бақылау барысында №11 қазандық қондырғысына химиялық жолмен жуып, шаю жұмыстары жүріп, тексерілді.
Қыркүйек айының соңына дейін №9 және 10 казандықтардың, ал қараша айының соңында №7,12 қазандықтарда жүргізіліп жатқан жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.
Зұлпыхар Сансызбайұлы жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырып, жөндеу жұмыстарының басты назарда болатынын айтты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -