ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ: Түркістан облысы, 10 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

ТҮРКІСТАН: АППАРАТ БАСШЫСЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, облыс әкімінің орынбасарларының және аппарат басшысының тұрғындарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Ұсыныстары мен

өтініштерін тыңдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар спорт саласына қатысты бірқатар мәселе көтерді. Мәселен, азаматша паралимпиада ойындарының жеңімпазына қолдау көрсетіп, тұрғын үймен қамтуға ықпал жасауды сұрады. Өтініш иесіне мемлекеттік тұрғын үй беру заңдылықтары түсіндіріліп, баспана үлестіру бойынша демеушілер қарастырылатындығы айтылды. Түркістан қаласының тұрғыны «ArtSport» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесін ортаға салды. Түркістан облысы бойынша «ArtSport» жобасымен 16 мың баланы қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлінген. Қазіргі таңда жаңа 350 өнім берушіден 872 өтініш түскен. Кәсіпкерге ақпараттық жүйеге түскен өтінімі белгіленген талаптарға сай келмеуіне байланысты қайтарылғандығы түсіндірілді. Сонымен қатар аппарат басшысы жауапты сала басшыларына заңсыздықтардың алдын алу бойынша жұмысшы тобын құрып, спорт секцияларына мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Еркеғали Әлімқұлов көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма беріп, орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының, облыс әкімінің орынбасарларының және аппарат басшысының тұрғындарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Ұсыныстары мен <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>өтініштерін тыңдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар спорт саласына қатысты бірқатар мәселе көтерді. Мәселен, азаматша паралимпиада ойындарының жеңімпазына қолдау көрсетіп, тұрғын үймен қамтуға ықпал жасауды сұрады. Өтініш иесіне мемлекеттік тұрғын үй беру заңдылықтары түсіндіріліп, баспана үлестіру бойынша демеушілер қарастырылатындығы айтылды. Түркістан қаласының тұрғыны «ArtSport» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қаржыландыру мәселесін ортаға салды. Түркістан облысы бойынша «ArtSport» жобасымен 16 мың баланы қаржыландыруға жеткілікті қаражат бөлінген. Қазіргі таңда жаңа 350 өнім берушіден 872 өтініш түскен. Кәсіпкерге ақпараттық жүйеге түскен өтінімі белгіленген талаптарға сай келмеуіне байланысты қайтарылғандығы түсіндірілді. Сонымен қатар аппарат басшысы жауапты сала басшыларына заңсыздықтардың алдын алу бойынша жұмысшы тобын құрып, спорт секцияларына мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Еркеғали Әлімқұлов көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырма беріп, орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар