ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ: Түркістан облысы, 09 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

Арыста жыл сайын қала күні мен теміржолшылар мерекесі салтанатты түрде атап өтіледі. Биыл Арыстың қала статусын алғанына 68 жыл және еліміздегі болат жолдың шешуші учаскелерінің бірі саналатын Арыс теміржол торабының іргетасы төселгеніне 120 жыл толып отыр. Мерейлі мерекеде қала орталығындағы көшелер көгілдір отынға қосылды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл

және зиялық қауым өкілдері шаһар орталығында тұратын, алғашқылардың бірі болып газға қосылған М.Жұмабаев көшесінің тұрғындары Орынбетовтер әулетін арнайы құттықтап барды. Әкім бұл қадамның қала тұрғындары үшін аса маңызды екенін атап өтті және газбен қамтамасыз ету жұмыстарының әрі қарай да жалғасатынын жеткізді. Айта кетейік, қазіргі таңда ел аузында «екінші Арыс» аталып кеткен қала орталығының бір бөлігі газға қосылуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, Төле би көшесінен бастап, Ақынбековқа дейін; З.Тойбековадан бастап Т.Тәжібаевқа дейінгі аумақтағы үйлер газға қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ орталықтағы басқа да көшелер мен мекемелерді газға қосу жұмыстары қолға алынбақ, ол үшін тұрғындар тиісті мекемемен келісім шарт түзіп, монтаждау жұмыстарын жүргізіп, газға қосылуға дайын отырулары маңызды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Арыста жыл сайын қала күні мен теміржолшылар мерекесі салтанатты түрде атап өтіледі. Биыл Арыстың қала статусын алғанына 68 жыл және еліміздегі болат жолдың шешуші учаскелерінің бірі саналатын Арыс теміржол торабының іргетасы төселгеніне 120 жыл толып отыр. Мерейлі мерекеде қала орталығындағы көшелер көгілдір отынға қосылды. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>және зиялық қауым өкілдері шаһар орталығында тұратын, алғашқылардың бірі болып газға қосылған М.Жұмабаев көшесінің тұрғындары Орынбетовтер әулетін арнайы құттықтап барды. Әкім бұл қадамның қала тұрғындары үшін аса маңызды екенін атап өтті және газбен қамтамасыз ету жұмыстарының әрі қарай да жалғасатынын жеткізді. Айта кетейік, қазіргі таңда ел аузында «екінші Арыс» аталып кеткен қала орталығының бір бөлігі газға қосылуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, Төле би көшесінен бастап, Ақынбековқа дейін; З.Тойбековадан бастап Т.Тәжібаевқа дейінгі аумақтағы үйлер газға қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ орталықтағы басқа да көшелер мен мекемелерді газға қосу жұмыстары қолға алынбақ, ол үшін тұрғындар тиісті мекемемен келісім шарт түзіп, монтаждау жұмыстарын жүргізіп, газға қосылуға дайын отырулары маңызды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар