ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «АЛТЫН КҮЗ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Бүгін Арыс қаласында «Алтын күз» мерекесіне орай, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені тұрғындармен бірге қала әкімі Гүлжан Құрманбекова аралап, егінді уақытылы жинап алған ауыл еңбеккерлерімен әңгімелесті.
Орталық Әл-Фараби алаңында өткен жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. Жәрмеңкеге қала кәсіпкерлері мен қалаға қарасты барлық ауылдық округ шаруалары қатысты. Жәрмеңкеде барлығы да өздерінің саттықтағы азық-түліктері мен көкөністерін алып келді. Көкөніс, ет, құс еті сүт өнімдері, және жеміс-жидек, бақша мен дәнді дақылдар, картоп, сәбіз, жұмыртқа, т.с.с жалпы көлемі 40-тан астам жуық өнімдер саудаланды.
Жәрмеңкеде диқандар мен малшылардың биылғы еңбегі еленіп, жетістіктері жиналған қауымның алдында сараланды. Келушілер адал азығын қолжетімді бағаға ұсынған шаруаларға алғысын жаудырды. Жәрмеңке көркін ауыл шаруашылық өнімдерінен арнайы жасалған ерекше композициялар қыздыра түсті. Мереке барысында көрермендерге асыл тұқымды қой көрмесі ұсынылды, ал ауыл шаруашылық техникасының көрмесі келушілерге саладағы заманауи жаңалықтарды көрсетуге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, шаруалардың тынымсыз тірлігі жоғары бағаланды. Жәрмеңке соңы қалалық Мәдениет үйінде «Алтын Күз» мерекелік концертке ұласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -