ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА КӘСІПКЕРЛЕР ДЕ ҮЛЕС ҚОСЫП ЖАТЫР
Арыс қаласында орналасқан «Kazakh Real Stroy» ЖШС-і «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, арыстықтарға 30 дана жаңа қоқыс жәшігін тарту етті.
Мекеме басшысының айтуынша, жаңа контейнерлер Шымкентте арнайы тапсырыспен жасалған. Қоқыс тасушы көлік тиеп алып кететін арнайы тетіктері ыңғайластырылған. Сыйымдылығы 1200 кубты құрайды. Тағы бір ерекшелігі – қалыңдығы 2 сантиметрден тұратын металлдан әзірленген.
Бүгінде қоқыс жәшіктері адамдар көп шоғырланған қоғамдық орындарға, көпқабатты тұрғын үй аулаларына орнатылып жатыр.
Экоакцияны қолдап, қала халқына жайлылық сыйлаған мекеме қызметкерлері тұрғындардан қоқысты арнайы орындарға тастауды және контейнердің айналасын ластамауды сұрайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -