ТҮРКІСТАН: АУРУХАНАДА 50 КҮН ЖАТҚАН БАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ: Түркістан облысы, 16 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АУРУХАНАДА 50 КҮН ЖАТҚАН БАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АУРУХАНАДА 50 КҮН ЖАТҚАН БАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АУРУХАНАДА 50 КҮН ЖАТҚАН БАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам аудандық ауруханасынан санавиация желісі бойынша ауыр халде 11 жастағы ұл бала жеткізілген. Анасының айтуынша, бала тумасынан жүрек ахауына шалдыққан. Қабылдау кезінде баланың жүрек ырғағының баяулап, тыныс алуының бұзылуына байланысты жағдайының өте ауыр екені байқалды. Бала жүрек жетіспеушілігі, өкпе қысымының жоғары симптомдарымен келіп түсті, жүрек соғу

жиілігі минутына 90-ға жетті. Жүрегінде ахауы бар науқас баланы дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызып, шұғыл түрде емдеу жұмыстарын жүргізген. Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, шұғыл түрде бас дәрігердің орынбасары Алмат Байсалов, кардиохирургтар, кардиолог, кардиореаниматолог мамандардың қатысуымен консилиум өткізілді. Науқас баланың жағдайын тұрақтандыру үшін дәрігерлер жансақтау бөлімінде бақылап, қажетті емдеу шараларын жүргізген. Жағдайы тұрақтанған пациентттің жүрегіне дәрігерлер ашық ота жасап, қарынша аралық тесік (ДМЖП) жабылды. Күрделі операция кезінде хирургтар жасанды қан айналым аппаратын қолдана отырып, науқас балалның жүрегін уақытша тоқтатып қойған. Төрт сағатқа жуық созылған операция сәтті өтті дейді дәрігерлер. Жалпы бала стационарда 50 күн болды. Соның ішінде жансақтау бөлімінде 30 күн болды. Нәтижесінде тұрақты күйдегі кішкентай науқас, тұрғылықты жері бойынша кардиологтың бақылауымен үйге шығарылды. Бүгінде баланың жағдайы жақсарды. Ата-анасының ақ халаттыларға алғысы шексіз. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облыстық балалар ауруханасына Сайрам аудандық ауруханасынан санавиация желісі бойынша ауыр халде 11 жастағы ұл бала жеткізілген. Анасының айтуынша, бала тумасынан жүрек ахауына шалдыққан. Қабылдау кезінде баланың жүрек ырғағының баяулап, тыныс алуының бұзылуына байланысты жағдайының өте ауыр екені байқалды. Бала жүрек жетіспеушілігі, өкпе қысымының жоғары симптомдарымен келіп түсті, жүрек соғу <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>жиілігі минутына 90-ға жетті. Жүрегінде ахауы бар науқас баланы дәрігерлер жансақтау бөліміне жатқызып, шұғыл түрде емдеу жұмыстарын жүргізген. Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, шұғыл түрде бас дәрігердің орынбасары Алмат Байсалов, кардиохирургтар, кардиолог, кардиореаниматолог мамандардың қатысуымен консилиум өткізілді. Науқас баланың жағдайын тұрақтандыру үшін дәрігерлер жансақтау бөлімінде бақылап, қажетті емдеу шараларын жүргізген. Жағдайы тұрақтанған пациентттің жүрегіне дәрігерлер ашық ота жасап, қарынша аралық тесік (ДМЖП) жабылды. Күрделі операция кезінде хирургтар жасанды қан айналым аппаратын қолдана отырып, науқас балалның жүрегін уақытша тоқтатып қойған. Төрт сағатқа жуық созылған операция сәтті өтті дейді дәрігерлер. Жалпы бала стационарда 50 күн болды. Соның ішінде жансақтау бөлімінде 30 күн болды. Нәтижесінде тұрақты күйдегі кішкентай науқас, тұрғылықты жері бойынша кардиологтың бақылауымен үйге шығарылды. Бүгінде баланың жағдайы жақсарды. Ата-анасының ақ халаттыларға алғысы шексіз. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар