ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан облыстық аумақтық инспекция тарапынан атқарылған жұмыс есебіне сәйкес, 2024 жылы 271,6 мың гектарды өңдеу жоспарланып, нақты 389,6 мың гектар дәріленген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жоспары жан-жақты талқыланды.
Облыс аумағында жүргізілген күзгі зерттеудің нәтижесінде 2025 жылға 9 ауданда химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов фитосанитарлық өңдеу жүргізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы егістіктерін зақымдауына жол бермеу бойынша атқарылатын бірлескен іс-шаралар тізбесін ұсынды.
Облыс әкімінің орынбасары дәрілеуді мерзімінен кешіктірмей бастау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеделдету мәселесіне тоқталды.
- Химиялық дәрілер ғылыми негізделіп бекітілуі тиіс. Препараттардың сапасына, жарамдылық мерзіміне баса мән беруді тапсырамын. Мемлекеттік сатып алуға ұсынылатын техникалық талаптар ықтимал тәуекелдердің алдын алуын қамтамасыз етуі тиіс, - деді Нұрбол Тұрашбеков.
Мәжіліс қорытындысымен Болжам орталығының зиянкестер ошағы бойынша белгілеген көрсеткіштерді аудан, қала әкімдіктермен қайта зерделеу бойынша тапсырма жүктелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -