ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ РЕАЛИТИ-ШОУ САЙЫСЫ ӨТУДЕ: Түркістан облысы, 11 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ РЕАЛИТИ-ШОУ САЙЫСЫ ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ РЕАЛИТИ-ШОУ САЙЫСЫ ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ» АТТЫ РЕАЛИТИ-ШОУ САЙЫСЫ ӨТУДЕ

Бүгін Қазығұрт ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити-шоу сайысы басталды. Шараға Қазығұрт аудандық ішкі

саясат бөлімінің басшысы Көшкінбай Аян және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, барша командаға сәттілік тіледі. – Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында жастарды халқымыздың ұлттық құндылықтарымен терең таныстырып, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында облысымызда осы сайыс ұйымдастырылуда, – деді Ернар Бектаев. Байқауда қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынайды. Олар: I кезең. Ұлдар: Ләңгі тебу, садақ ату; Қыздар: Ұлттық тағамдар әзірлеу. II кезең. Ұлдар: Арқан тартыс; Қыздар: Құрт әзірлеу. III кезең. Салт-дәстүр туралы сұрақтар бойынша командалық сайыс. Аталған байқауға облысымыздың аудан, қалаларынан 13 команда қатысып жатыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Қазығұрт ауданында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін дәріптеу, жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен адамгершілік, имандылық қасиеттерді дамыту мақсатында «Ауылдағы бір күнім» атты облыстық реалити-шоу сайысы басталды. Шараға Қазығұрт аудандық ішкі <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>саясат бөлімінің басшысы Көшкінбай Аян және Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, барша командаға сәттілік тіледі. – Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске сала отырып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту жолында жастарды халқымыздың ұлттық құндылықтарымен терең таныстырып, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, мәдениетті тұлға қалыптастыру мақсатында облысымызда осы сайыс ұйымдастырылуда, – деді Ернар Бектаев. Байқауда қатысушылар төрт кезең бойынша бақ сынайды. Олар: I кезең. Ұлдар: Ләңгі тебу, садақ ату; Қыздар: Ұлттық тағамдар әзірлеу. II кезең. Ұлдар: Арқан тартыс; Қыздар: Құрт әзірлеу. III кезең. Салт-дәстүр туралы сұрақтар бойынша командалық сайыс. Аталған байқауға облысымыздың аудан, қалаларынан 13 команда қатысып жатыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар