ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ: Түркістан облысы, 24 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Мемлекет басшысы «Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс» екендігін айтқан болатын. Осыған орай Түркістан облысында цифрландыру саласын дамытып, интернет желілерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков Бәйдібек ауданына іссапармен

барып, базалық станциялардың жай-күйімен танысты. Басқарма басшысы алдымен Мыңбұлақ, Бестоғай елді мекендеріне барып «Билайн», «Кселл, Актив» операторының базаларын көрді. Бұл жердегі интернет базалары елді мекенді толық қамти алмайды. Сол себепті «Билайн» операторына қосымша базалық станция салу және «Кселл, Актив» операторына байланыс стандартын күшейту тапсырылды. Іссапар аудан орталығы Шаян ауылына жалғасып, тиісті сала өкілдерімен интернет желілерін дамыту мәселесі талқыланды. «Билайн» операторы тарапынан қосымша станция мұнарасы салынбақ. «Кселл, Актив» операторы қосымша антенна орнатқан. Бүгінде байланыс интернетін қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ағыбет, Алғабас, Боралдай, Екпінді елді мекендерінде «Билайн», «Актив, Кселл» операторларының 4G стандартындағы байланыс пен интернеті қосылды. Ал Алғабас, Жамбыл, Көктерек, Бөген елді мекендеріне қосымша интернет станциясы салынбақ. Боралдай, Ақбастау, Алмалы, Ағыбет ауылдық округтерге талшықты-оптикалық интернет желісін тарту жоспарлануда. Айта кетейік, Кеңестөбе, Ақбастау, О.Тайманов елді мекендерінде «Актив, Кселл» базалық станциясына техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Мемлекет басшысы «Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс» екендігін айтқан болатын. Осыған орай Түркістан облысында цифрландыру саласын дамытып, интернет желілерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков Бәйдібек ауданына іссапармен <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>барып, базалық станциялардың жай-күйімен танысты. Басқарма басшысы алдымен Мыңбұлақ, Бестоғай елді мекендеріне барып «Билайн», «Кселл, Актив» операторының базаларын көрді. Бұл жердегі интернет базалары елді мекенді толық қамти алмайды. Сол себепті «Билайн» операторына қосымша базалық станция салу және «Кселл, Актив» операторына байланыс стандартын күшейту тапсырылды. Іссапар аудан орталығы Шаян ауылына жалғасып, тиісті сала өкілдерімен интернет желілерін дамыту мәселесі талқыланды. «Билайн» операторы тарапынан қосымша станция мұнарасы салынбақ. «Кселл, Актив» операторы қосымша антенна орнатқан. Бүгінде байланыс интернетін қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ағыбет, Алғабас, Боралдай, Екпінді елді мекендерінде «Билайн», «Актив, Кселл» операторларының 4G стандартындағы байланыс пен интернеті қосылды. Ал Алғабас, Жамбыл, Көктерек, Бөген елді мекендеріне қосымша интернет станциясы салынбақ. Боралдай, Ақбастау, Алмалы, Ағыбет ауылдық округтерге талшықты-оптикалық интернет желісін тарту жоспарлануда. Айта кетейік, Кеңестөбе, Ақбастау, О.Тайманов елді мекендерінде «Актив, Кселл» базалық станциясына техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар