ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР 4 НАУҚАСҚА ЕСТУ МҮМКІНДІГІН СЫЙЛАДЫ: Түркістан облысы, 20 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР 4 НАУҚАСҚА ЕСТУ МҮМКІНДІГІН СЫЙЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР 4 НАУҚАСҚА ЕСТУ МҮМКІНДІГІН СЫЙЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР 4 НАУҚАСҚА ЕСТУ МҮМКІНДІГІН СЫЙЛАДЫ

Түркістан қалалық орталық ауруханасы кезекті пациенттеріне есту мүмкіндігін сыйлады. Мұнда IV дәрежелі есту қабілеті жоғалған 4 пациентке жоғары технологиялық «Кохлеарлық имплантация» отасы сәтті өткізілді. Олардың екеуі ересек, екеуі бүлдіршін. Анкара қаласының Гази университеті мен аурухананың біріккен меморандумы аясында профессор Режеп Карамерттің көмегімен стационар оториноларингологтарымен бірге пациенттерге Med

EL (Австрия) компаниясының импланттары тағылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүргізілді. Қазіргі таңда олар өздерін жақсы сезініп, келесі отадан кейінгі ерте реабилитация кезеңіне дайындалуда. Бұған дейін бұл санаттағы оталар тек Астана және Алматы қалаларының озық клиникаларында ғана мүмкін еді. Ал былтыр алғаш рет Түркістан облысында мұндай мүмкіндікке қол жеткізген. Түркістан қалалық орталық ауруханасында 5 пациентке ота жасалған. Бүгінде есту қабілеті жақсарып, белсенді өмір салтын ұстануда. Аурухана басшысы Б.Берденов профессор Режеп Карамертті қабылдап, оториноларингологиялық көмекті дамытудың ең озық әдістемелерін аурухана тәжірибесіне енгізу жайын талқылады. Екі мекеме арасында тығыз қарым-қатынас орнату мәселелерін пысықтады. Айта кетейік, биыл жыл соңына дейін 16 ота жоспарланған. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бірлескен комиссия шешімімен отаға жіберілетін тізімі көрсіткіштерге сәйкес жасақталған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан қалалық орталық ауруханасы кезекті пациенттеріне есту мүмкіндігін сыйлады. Мұнда IV дәрежелі есту қабілеті жоғалған 4 пациентке жоғары технологиялық «Кохлеарлық имплантация» отасы сәтті өткізілді. Олардың екеуі ересек, екеуі бүлдіршін. Анкара қаласының Гази университеті мен аурухананың біріккен меморандумы аясында профессор Режеп Карамерттің көмегімен стационар оториноларингологтарымен бірге пациенттерге Med <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>EL (Австрия) компаниясының импланттары тағылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүргізілді. Қазіргі таңда олар өздерін жақсы сезініп, келесі отадан кейінгі ерте реабилитация кезеңіне дайындалуда. Бұған дейін бұл санаттағы оталар тек Астана және Алматы қалаларының озық клиникаларында ғана мүмкін еді. Ал былтыр алғаш рет Түркістан облысында мұндай мүмкіндікке қол жеткізген. Түркістан қалалық орталық ауруханасында 5 пациентке ота жасалған. Бүгінде есту қабілеті жақсарып, белсенді өмір салтын ұстануда. Аурухана басшысы Б.Берденов профессор Режеп Карамертті қабылдап, оториноларингологиялық көмекті дамытудың ең озық әдістемелерін аурухана тәжірибесіне енгізу жайын талқылады. Екі мекеме арасында тығыз қарым-қатынас орнату мәселелерін пысықтады. Айта кетейік, биыл жыл соңына дейін 16 ота жоспарланған. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бірлескен комиссия шешімімен отаға жіберілетін тізімі көрсіткіштерге сәйкес жасақталған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар