ТҮРКІСТАН: ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА: Түркістан облысы, 02 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

ТҮРКІСТАН: ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

ТҮРКІСТАН: ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

Созақ ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді жастардан бөлек, елді мекен тұрғындары да жұмыла атсалысуда. Бүгін аудандағы Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Жеткіншек елді мекенінің тұрғындары тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, акцияға әрқашан үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.

Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов пен ауылдық округтің әкімі Әділ Елібаев қатысып, шараға қолдау білдірді. Жергілікті қауымдастықтың мүшесі Мадияр Бақытжан барлық тұрғындарды көше бойы мен өз аулаларын таза ұстауға шақырды. Экологиялық акция аясында ұйымдастырылған жұмыстар барысында елді мекендегі аяқжолдар мен көше бойлары ретке келтіріліп, арамшөптер оталды. Жұмыстарға 2 арнайы техника жұмылдырылды. Ұзындығы 5,9 шақырымды құрайтын ішкі 6 көше тазартылып, 3,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Созақ ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен белсенді жастардан бөлек, елді мекен тұрғындары да жұмыла атсалысуда. Бүгін аудандағы Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Жеткіншек елді мекенінің тұрғындары тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, акцияға әрқашан үлес қосуға дайын екендерін жеткізді. <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов пен ауылдық округтің әкімі Әділ Елібаев қатысып, шараға қолдау білдірді. Жергілікті қауымдастықтың мүшесі Мадияр Бақытжан барлық тұрғындарды көше бойы мен өз аулаларын таза ұстауға шақырды. Экологиялық акция аясында ұйымдастырылған жұмыстар барысында елді мекендегі аяқжолдар мен көше бойлары ретке келтіріліп, арамшөптер оталды. Жұмыстарға 2 арнайы техника жұмылдырылды. Ұзындығы 5,9 шақырымды құрайтын ішкі 6 көше тазартылып, 3,5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар