ТҮРКІСТАН: “КЕҢ ДАЛА 2” ЖОБАСЫ ШАРУАЛАРҒА 5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ БЕРЕДІ: Түркістан облысы, 20 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: “КЕҢ ДАЛА 2” ЖОБАСЫ ШАРУАЛАРҒА 5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ БЕРЕДІ

ТҮРКІСТАН: “КЕҢ ДАЛА 2” ЖОБАСЫ ШАРУАЛАРҒА 5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ БЕРЕДІ

ТҮРКІСТАН: “КЕҢ ДАЛА 2” ЖОБАСЫ ШАРУАЛАРҒА 5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ БЕРЕДІ

Бүгін Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте “Кең Дала 2” бағдарламасы бойынша фермерлерді қаржыландырудың шарттары баяндалды. “Соңғы үш жылда “Аграрлық несие корпорациясы” - “Кең дала” бағдарламасы аясында жыл сайын көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 140 млрд теңге көлемінде қаржы беріп келеді. Биыл қаражат 300 млрд теңгеге ұлғайтылды. Сондай-ақ, бұл

жобаның тиімділігі - шаруаларға төмендетілген 5%-дық несие беруінде. Сонымен қатар, шаруалардың кепілге қоятын мүлкі ұйымның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік “Даму” қоры шаруаларға 85%-ға дейін кепілдік беруге әзір”, - деді “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев. Ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалының директоры Фурхат Миркаримов несие беру тәртібін түсіндірді. “Бұған дейін несиелер қысқа мерзімге беріліп, оларды 1 желтоқсанға дейін өтеу қажет болса, қазір қарызды өтеу мерзімі ұзартылды. Енді қарыздардың 50%-н өтеу 1-желтоқсанға дейін, қалған 50%-ын келесі жылдың 1-наурызына дейін төлеуге болады. Бұл фермерлерге астықты барынша ұтымды бағамен сатуға мүмкіндік береді”, - деді ол. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте “Кең Дала 2” бағдарламасы бойынша фермерлерді қаржыландырудың шарттары баяндалды. “Соңғы үш жылда “Аграрлық несие корпорациясы” - “Кең дала” бағдарламасы аясында жыл сайын көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 140 млрд теңге көлемінде қаржы беріп келеді. Биыл қаражат 300 млрд теңгеге ұлғайтылды. Сондай-ақ, бұл <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>жобаның тиімділігі - шаруаларға төмендетілген 5%-дық несие беруінде. Сонымен қатар, шаруалардың кепілге қоятын мүлкі ұйымның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік “Даму” қоры шаруаларға 85%-ға дейін кепілдік беруге әзір”, - деді “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев. Ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан филиалының директоры Фурхат Миркаримов несие беру тәртібін түсіндірді. “Бұған дейін несиелер қысқа мерзімге беріліп, оларды 1 желтоқсанға дейін өтеу қажет болса, қазір қарызды өтеу мерзімі ұзартылды. Енді қарыздардың 50%-н өтеу 1-желтоқсанға дейін, қалған 50%-ын келесі жылдың 1-наурызына дейін төлеуге болады. Бұл фермерлерге астықты барынша ұтымды бағамен сатуға мүмкіндік береді”, - деді ол. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақтағы жаңалықтар