ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ӘУЕ ШАРЫ АРҚЫЛЫ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ: Түркістан облысы, 04 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ӘУЕ ШАРЫ АРҚЫЛЫ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ӘУЕ ШАРЫ АРҚЫЛЫ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ӘУЕ ШАРЫ АРҚЫЛЫ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ӘУЕ ШАРЫ АРҚЫЛЫ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ӘУЕ ШАРЫ АРҚЫЛЫ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕДІ

Келес ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай, «Рәміздер елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты мәдени салтанатты шарасы өтті. Абай ауылындағы орталық алаңда ұйымдастырылған іс-шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, тұрғындарды мәртебелі мерекемен құттықтады. – 1992 жылғы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер барлық уақыт пен заманда қоғамдағы әр адам үшін қастерлі де, қасиетті. Рәміздер халықтың бостандығы мен тәуелсіздігін бейнелейді, оның құндылықтары мен қасиетті жерлерін, ата-бабалар жадын және жаңа ұрпақтың болашақ жетістіктерін білдіреді. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін, - деді аудан басшысы. Салтанатты жиын барысында еліміздің көк байрағы әуе шары арқылы көкке көтерілді. Ту көтеру рәсімі мерекелік бағдарламаға ұласты. Мерекеде Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымы патриоттық әндер шырқап, көпшілікке жігер сыйлады. Айта кетейік, 1992 жылдың қаңтарында Мемлекеттік ту, Елтаңба және Гимннің жобасын дайындау туралы байқау жарияланды. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұраны сол жылы бекітіліп, 2006 жылы жаңа Әнұран қабылданған-ды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Келес ауданында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай, «Рәміздер елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты мәдени салтанатты шарасы өтті. Абай ауылындағы орталық алаңда ұйымдастырылған іс-шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, тұрғындарды мәртебелі мерекемен құттықтады. – 1992 жылғы дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Мемлекеттік рәміздер барлық уақыт пен заманда қоғамдағы әр адам үшін қастерлі де, қасиетті. Рәміздер халықтың бостандығы мен тәуелсіздігін бейнелейді, оның құндылықтары мен қасиетті жерлерін, ата-бабалар жадын және жаңа ұрпақтың болашақ жетістіктерін білдіреді. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын! Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін, - деді аудан басшысы. Салтанатты жиын барысында еліміздің көк байрағы әуе шары арқылы көкке көтерілді. Ту көтеру рәсімі мерекелік бағдарламаға ұласты. Мерекеде Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымы патриоттық әндер шырқап, көпшілікке жігер сыйлады. Айта кетейік, 1992 жылдың қаңтарында Мемлекеттік ту, Елтаңба және Гимннің жобасын дайындау туралы байқау жарияланды. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұраны сол жылы бекітіліп, 2006 жылы жаңа Әнұран қабылданған-ды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар