ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА 300 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда бетондарын құю жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыстың алғашқы жұмыс барысын бақылады. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен нысаны болғандықтан сапасы маңызды екенін атап өтті. Жұмыс барысы ұдайы бақылауда болатынын жауаптыларға ескертті.
Мәдениет үйі екі қабаттан тұрады. Ішінде 300 адамға арналған көрермен залы, 85 адамға арналған клуб кешені, әкімшілік-шаруашылық бөлімдері орналасады.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, ауыл тұрғындар біраз жылдан бері ауылға мәдениет үйінің қажет екенін ұсынып келген. Биыл республикалық бюджеттен қаржы қаралып, өзекті мәселенің шешімі табылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -