ТҮРКІСТАН: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА "НӘТИЖЕ" ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРУ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ: Түркістан облысы, 27 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА "НӘТИЖЕ" ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРУ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА

ТҮРКІСТАН: НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА "НӘТИЖЕ" ЖОБАСЫН ТАНЫСТЫРУ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасын таныстыру шарасы өтті. Аталған жобаның мақсаты - осал топтағы әйелдерді нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу. Сондай-ақ бұл жоба

негізгі 3 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда әйелдер алғашқы бөлімде смм, таргет, маркетинг және өнімді сатылымға шығаруды үйренсе, келесі бөлімде сұранысқа ие қолөнер, клининг, базалық құрылыс пен глютенсіз тағам әзірлеу жұмыстарын меңгереді. "Нәтиже" жобасының жетекшілері "Дара" медиа холдинг басшысы, Рухабза Халдарбек бастаған, бизнес тренерлер тобының мүшелері Назым Исмағанбет, Нұргүл Сариева, Дина Рашева және Сымбат Жүзенқызы сынды өңірге белгілі мамандар. Жоба жетекшілерінің айтуынша, "Нәтиже" бағдарламасы әйелдердің жеке кәсіп бастап кетуіне, отбасылық қаржыны молайту мен үй жағдайында табыс тауып нәтижеге қол жеткізуіне таптырмас мүмкіндік дейді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасын таныстыру шарасы өтті. Аталған жобаның мақсаты - осал топтағы әйелдерді нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу. Сондай-ақ бұл жоба <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>негізгі 3 бөлімнен тұрады. Атап айтқанда әйелдер алғашқы бөлімде смм, таргет, маркетинг және өнімді сатылымға шығаруды үйренсе, келесі бөлімде сұранысқа ие қолөнер, клининг, базалық құрылыс пен глютенсіз тағам әзірлеу жұмыстарын меңгереді. "Нәтиже" жобасының жетекшілері "Дара" медиа холдинг басшысы, Рухабза Халдарбек бастаған, бизнес тренерлер тобының мүшелері Назым Исмағанбет, Нұргүл Сариева, Дина Рашева және Сымбат Жүзенқызы сынды өңірге белгілі мамандар. Жоба жетекшілерінің айтуынша, "Нәтиже" бағдарламасы әйелдердің жеке кәсіп бастап кетуіне, отбасылық қаржыны молайту мен үй жағдайында табыс тауып нәтижеге қол жеткізуіне таптырмас мүмкіндік дейді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар