ТҮРКІСТАН: «ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ» МКК ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫ ҚЫСҚЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫН: Түркістан облысы, 08 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ» МКК ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫ ҚЫСҚЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫН

Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3983,34 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар болса, 434 шақырымы – таулы аймақтарда қар басып қалу қаупі жоғары аймақтар. «Оңтүстік жолдары» МКК облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға толықтай дайын. Кәсіпорын тарапынан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 118 арнайы техника, 258 жұмысшы жұмылдырылған. Автомобиль жолдарын дер кезінде қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 4 187,61 м3 құм және 393 тонна тұз әзірленді. Ауа-райының қолайсыз мезгілінде облыстық жолдарда қалып қойған жолаушыларға жағдай жасау мақсатында Бәйдібек ауданында «Шыбықбел», «Одаманбұлақ» және Созақ ауданында «Ащысай», «Таскөмірсай» жылыту бекетттері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар осы жылдың қараша айынан бастап «Оңтүстік жолдары» МКК мамандары тарапынан тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Көлік магистральдарында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарына шұғыл әрекет ету бойынша Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Облыстық әкімшілік полиция басқармасы және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облысы филиалы арасында іс-әрекет ету жоспары бекітілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3983,34 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар болса, 434 шақырымы – таулы аймақтарда қар басып қалу қаупі жоғары аймақтар. «Оңтүстік жолдары» МКК облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға толықтай дайын. Кәсіпорын тарапынан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 118 арнайы техника, 258 жұмысшы жұмылдырылған. Автомобиль жолдарын дер кезінде қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 4 187,61 м3 құм және 393 тонна тұз әзірленді. Ауа-райының қолайсыз мезгілінде облыстық жолдарда қалып қойған жолаушыларға жағдай жасау мақсатында Бәйдібек ауданында «Шыбықбел», «Одаманбұлақ» және Созақ ауданында «Ащысай», «Таскөмірсай» жылыту бекетттері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар осы жылдың қараша айынан бастап «Оңтүстік жолдары» МКК мамандары тарапынан тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Көлік магистральдарында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарына шұғыл әрекет ету бойынша Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Облыстық әкімшілік полиция басқармасы және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облысы филиалы арасында іс-әрекет ету жоспары бекітілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар