ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӨЗБЕКСТАННЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Раушанбек Матчанов жұмыс сапарымен Түркістан қаласына келді.
«Достық үйінде» өткен кездесуге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қонысбеков және «Қоғамдық келісім»КММ басшысы Эльмира Жанғазиева қатысты.
Басқосуда достық, ынтымақтастық қарым-қатынастар туралы және бірлескен мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жайы талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Өзбекстанның жаңадан тағайындалған Бас консулы Раушанбек Матчановтың қызметіне табыс тіледі. Бұл орайда, Өзбекстанның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды бірлесе дамытуға дайын екенін жеткізді.
Кездесу соңында құрметті меймандарға тұтас Түркі жұртының құты, береке мен бірлігінің символы — «Тайқазан» кәдесыйы табыс етілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -