ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ: Түркістан облысы, 10 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАЛДЫ

Түркістан облыстық балалар ауруханасының комбустиолог-мамандары жеті жасар балаға бірегей ота жасады. Бүлдіршін ыстық майға күйіп, бас терісінің 90%-ы күйік шалған. Ол 13 сәуір күні жедел жәрдем қызметімен Арыс қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Науқасқа мамандандырылған көмек көрсету үшін Түркістан облыстық балалар ауруханасынан дәрігерлер шақыртылған. Облыс орталығынан келген білікті мамандар 16 сәуір күні күйік

шалған баланы санавиация желісімен Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыстырған. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері науқасты отаға бір ай уақыт дайындап, антибактериалды, инфузиялық ем, күнделікті таңып-байлау емдерін жүргізген. 14 мамыр күні 7 жасар баланың басына аутодермапластикалық ота жасалды. Ота кезінде комбустиологтар Шолпан Кадирова және Бақыт Абдуманов баланың сан аймағынан терісін алып, басына тері қондырды. Ота сәтті өтіп, бала үйіне шығарылды. Дәрігерлер алдағы уақытта науқасқа оңалту емі жүргізілетінін жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облыстық балалар ауруханасының комбустиолог-мамандары жеті жасар балаға бірегей ота жасады. Бүлдіршін ыстық майға күйіп, бас терісінің 90%-ы күйік шалған. Ол 13 сәуір күні жедел жәрдем қызметімен Арыс қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Науқасқа мамандандырылған көмек көрсету үшін Түркістан облыстық балалар ауруханасынан дәрігерлер шақыртылған. Облыс орталығынан келген білікті мамандар 16 сәуір күні күйік <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>шалған баланы санавиация желісімен Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыстырған. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері науқасты отаға бір ай уақыт дайындап, антибактериалды, инфузиялық ем, күнделікті таңып-байлау емдерін жүргізген. 14 мамыр күні 7 жасар баланың басына аутодермапластикалық ота жасалды. Ота кезінде комбустиологтар Шолпан Кадирова және Бақыт Абдуманов баланың сан аймағынан терісін алып, басына тері қондырды. Ота сәтті өтіп, бала үйіне шығарылды. Дәрігерлер алдағы уақытта науқасқа оңалту емі жүргізілетінін жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар