ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚХР БІРЛЕСКЕН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясынан келген делегациямен кездесті.
Кездесу барсында тараптар Түркістан облысы мен Хэйлунцзян провинциясы арасында инвестициялар тарту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады.
Алдағы уақытта ұсыныстар қаралып, екіжақты жұмыстар жүргізіліп, Қазақ - Қытай бірлескен жобалардың санын арттыру жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -