ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 48 000 ЖАСТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗІЛГЕН: Түркістан облысы, 20 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 48 000 ЖАСТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗІЛГЕН

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында есірткінің заңсыз айналымына қатысты мәселелерді талқылау мақсатында Үйлестіру кеңесі өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, ҰҚК-нің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев, СЖҚІҚД бастығы Мұрат Төлеубаев және басқа да құзырлы орган басшылары қатысты. Кездесу барысында есірткіге қарсы іс-қимыл, алдын алу мәселелері қаралды. Есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар мен атқарылған жұмыстар талқыланды. Орган басшылары тарапынан баяндамалар оқылып, жұмысты ширату жолдары айтылды. Прокоратура тарапынан есірткіге қарсы күресті күшейту бойынша тиісті ескертпелер мен ұсыныстар берілді. Облыстық ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов полицияның жұмысы нәтижесінде жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 650-ден астам дерек тіркеліп, 330 келіден астам есірткі тәркіленгенін және есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында 48 000-ға жуық оқушы мен студенттің қатысуымен профилактикалық іс-шаралар өткізілгенін атап өтті. Жалпы Түркістан облысының полициясымен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында телеграм каналда анықталған 34 интернет дүкеннің қызметі тоқтатылды. Ал киберқадағалау бағдарламасы арқылы 104 сайт бұғатталған. Кеңесте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев әкімдік тарапынан есірткінің таралуын шектеу және алдын алу бағытындағы идеологиялық және түсіндіру жұмыстары, өңірде атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Жастар арасында түрлі форматтағы жиындар, іс-шаралар өткізілгенін, есірткіге қарсы ақпараттық жұмыс тұрақты жүріп жатқанын мәлімдеді. Облыстық денсаулық сақтау, Білім басқармаларының басшылығы тарапынан да тиісті мәліметтер беріліп, ұсыныстар қаралды. Үйлестіру кеңесінің мүшелері жиын барысында нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды, жастар мен оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын және дәрістерді күшейтіп, бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар