ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 897 АЗАМАТҚА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ: Түркістан облысы, 19 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 897 АЗАМАТҚА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 897 АЗАМАТҚА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 897 АЗАМАТҚА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

Өңірде жаңа бизнес жобаларды қолдауға бағытталған қайтарымсыз грант беру бойынша комиссия отырыстары ұйымдастырылды. Биыл грант беру жұмыстары 2 лек бойынша жүзеге асады. Атап айтқанда, бірінші лек өтінімдері мамыр айында қабылданса, екінші лек шілденің 15-26 күндері қабылданады деп күтілуде. Осыған орай, бірінші лек қатысушыларына маусым айының 5-7 күндері 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант беруге арналған комиссия

отырыстары өтті. 2024 жылы Түркістан облысында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған. Ашық форматта өткен комиссия отырысы аудан, қала көлемінде Мансап орталықтарының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді. Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде 1-лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірген. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде биылғы жоспарға сәйкес 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған. Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз грант алуға өтінімдер қабылдау электронды түрде жүргізіледі. Бұл қолдауға еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамдар, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар тарапынан өтінімдер түскен. Айта кетейік, грант алуға өтінім білдірушілер жұмыссыз ретінде тіркелген яки тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек. Оған қоса үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы негізінде кәсіпкерлікке оқығаны туралы арнайы сертификаты болуы шарт. Комиссия отырысында бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне өкілдер тарапынан баса назар аударылды. Нәтижесінде комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 271-і өндіріс саласына қатысты, 227-і ауыл шаруашылығы саласы, 298-і қызмет көрсету, 91-і тамақ өндірісі, 10-ы құрылыс заттарын өндіруге бағытталған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Өңірде жаңа бизнес жобаларды қолдауға бағытталған қайтарымсыз грант беру бойынша комиссия отырыстары ұйымдастырылды. Биыл грант беру жұмыстары 2 лек бойынша жүзеге асады. Атап айтқанда, бірінші лек өтінімдері мамыр айында қабылданса, екінші лек шілденің 15-26 күндері қабылданады деп күтілуде. Осыған орай, бірінші лек қатысушыларына маусым айының 5-7 күндері 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант беруге арналған комиссия <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>отырыстары өтті. 2024 жылы Түркістан облысында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған. Ашық форматта өткен комиссия отырысы аудан, қала көлемінде Мансап орталықтарының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді. Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде 1-лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірген. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде биылғы жоспарға сәйкес 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған. Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз грант алуға өтінімдер қабылдау электронды түрде жүргізіледі. Бұл қолдауға еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамдар, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар тарапынан өтінімдер түскен. Айта кетейік, грант алуға өтінім білдірушілер жұмыссыз ретінде тіркелген яки тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек. Оған қоса үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы негізінде кәсіпкерлікке оқығаны туралы арнайы сертификаты болуы шарт. Комиссия отырысында бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне өкілдер тарапынан баса назар аударылды. Нәтижесінде комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 271-і өндіріс саласына қатысты, 227-і ауыл шаруашылығы саласы, 298-і қызмет көрсету, 91-і тамақ өндірісі, 10-ы құрылыс заттарын өндіруге бағытталған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар