ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 20 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР: Түркістан облысы, 17 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 20 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 20 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 20 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 20 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН 20 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Биыл өңірде 20 мектептің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 14,7 млрд теңге қаржы қаралды. Оның ішінде, 15 мектептің құрылысы 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі болса, қалған 5 мектептің құрылысы биыл басталды. Жыл соңына дейін 13 білім ұясының құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланып

отыр. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Биыл жаңа оқу жылында 700 орындық 4 білім ұясының ашылу салтанаты өтті. Атап айтсақ, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекеніндегі 100 орындық «Айнатас» мектебі мен С.Рахымов ауыл округі, Көкібел елді мекеніндегі 300 орындық білім ұясы, Отырар ауданындағы Балтакөл ауылдық округі, Ақкөл елді мекенінде 100 орындық оқу ордасы, Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық жалпы орта білім беретін мектеп пайдалануға тапсырылды. Бұдан бөлек, қараша-желтоқсан айларында тағы 3100 орындық 9 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталады деп көзделуде. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің құрылысы жоспарлануда. Нәтижесінде, 60 мыңдай оқушы заманауи білім ошақтарында оқуға мүмкіндік алады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысында апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Биыл өңірде 20 мектептің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 14,7 млрд теңге қаржы қаралды. Оның ішінде, 15 мектептің құрылысы 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі болса, қалған 5 мектептің құрылысы биыл басталды. Жыл соңына дейін 13 білім ұясының құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланып <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>отыр. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Биыл жаңа оқу жылында 700 орындық 4 білім ұясының ашылу салтанаты өтті. Атап айтсақ, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекеніндегі 100 орындық «Айнатас» мектебі мен С.Рахымов ауыл округі, Көкібел елді мекеніндегі 300 орындық білім ұясы, Отырар ауданындағы Балтакөл ауылдық округі, Ақкөл елді мекенінде 100 орындық оқу ордасы, Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық жалпы орта білім беретін мектеп пайдалануға тапсырылды. Бұдан бөлек, қараша-желтоқсан айларында тағы 3100 орындық 9 мектептің құрылыс жұмыстары аяқталады деп көзделуде. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдары Түркістан облысында 63 мектептің құрылысы жоспарлануда. Нәтижесінде, 60 мыңдай оқушы заманауи білім ошақтарында оқуға мүмкіндік алады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар