ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ДРОН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ
Қытайлық «Hunan Youhang UAV Technology» компаниясы Түркістан өңірінде дрон шығаратын кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров қытайлық кәсіпкерлермен кездесіп, бұл бастаманы кеңінен талқылады. Сонымен қатар Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, мемлекеттік қолдау шарттарын айтты.
Инвесторлар дрон шығаратын кәсіпорын үш кезеңнен тұратынын, алғашқы кезеңінде 150 миллион доллар, екінші кезеңінде 400 миллион доллар инвестиция салатынын айтты. Бірінші кезеңнің өзінде жергілікті 100-ден аса адам және екінші кезеңде 2 000-нан аса адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Ал үшінші кезең алғашқы екі кезең аяқталған соң, іске аспақ.
Кездесу соңында «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев пен қытайлық «Hunan Youhang UAV Technology» компаниясының өкілімімен меморандумға қол қойды. Аспан асты елінен келген кәсіпкерлер кәсіпорынның алғашқы кезеңін жыл соңынан дейін аяқтайтынын айтты. Оларға Сауран ауданындағы дайын өндірістік парктен 6 га аумақты құрайтын ғимарат жалға беріледі.
Айта кетейік, Еліміздегі аспанда ұшатын құрылғы шығаратын алғашқы кәсіпорын Түркістан облысында ашылады. Алдағы уақытта сапалы әрі қолжетімді құрылғылар «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығарылады деп күтілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -