ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ: Түркістан облысы, 12 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лудоманияға қарсы күресті күшейту бағытындағы заңға қол қойған болатын. Заңда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды. Атап айтқанда, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы (көрнекі) жарнамасына, сондай-ақ олардың қызметін көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кино, видео және анықтамалық қызмет көрсету орындарында

жарнамалауға тыйым салынған болатын. Түркістан облысында осы бағытта жұмыстар басталып кетті. Арыс қаласы бойынша лудомания немесе ойын бизнесімен күрес мақсатында Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы», Арыс аудандық прокуратурасы, Арыс аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, рейдтік, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлерге жаңа заңның талаптары түсіндірілді. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 9 айында жастар мен жасөспірімдер арасында лудоманияның алдын-алу профилактикалық жұмыстары бойынша 11 іс-шара ұйымдастырды. Атап айтсақ, Арыс қаласындағы мектептерде жоғарғы сынып оқушылары арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында «Сен өзгерсең – сенің әлемің де өзгереді», «Құқықбұзушылықтың алдын алу» және «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыптарында семинар-тренингтер және түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сонымен бірге «Құмар ойынға құмартпа» тақырыбында кино көрсетіліп, «Лудомания – қоғам дерті» атты семинар-тренинг ұйымдастырылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев лудоманияға қарсы күресті күшейту бағытындағы заңға қол қойған болатын. Заңда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды. Атап айтқанда, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы (көрнекі) жарнамасына, сондай-ақ олардың қызметін көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кино, видео және анықтамалық қызмет көрсету орындарында <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>жарнамалауға тыйым салынған болатын. Түркістан облысында осы бағытта жұмыстар басталып кетті. Арыс қаласы бойынша лудомания немесе ойын бизнесімен күрес мақсатында Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы», Арыс аудандық прокуратурасы, Арыс аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, рейдтік, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлерге жаңа заңның талаптары түсіндірілді. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 9 айында жастар мен жасөспірімдер арасында лудоманияның алдын-алу профилактикалық жұмыстары бойынша 11 іс-шара ұйымдастырды. Атап айтсақ, Арыс қаласындағы мектептерде жоғарғы сынып оқушылары арасында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында «Сен өзгерсең – сенің әлемің де өзгереді», «Құқықбұзушылықтың алдын алу» және «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыптарында семинар-тренингтер және түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сонымен бірге «Құмар ойынға құмартпа» тақырыбында кино көрсетіліп, «Лудомания – қоғам дерті» атты семинар-тренинг ұйымдастырылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар