ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА: Түркістан облысы, 14 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ТЕТІГІ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан өңірінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кеңінен талқыланды. Өңір басшысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қолға алынған жобалар сапалы атқарылуы тиіс екенін ескертті. – Мемлекеттік-жекешелік

әріптестік тетігі арқылы жоспарланған және жүзеге асып жатқан жобалардың бәріне талдау жасау керек. Тек тиімділерін ғана қалдырып, әріптестікті жалғастырамыз. Жүктелген талаптарын орындамай жатқандарынан бас тартамыз. Әр басқарма басшысы өздері жетекшілік ететін салалар бойынша келісімшарттарды талдап, қайта пысықтап шықсын. Қаржыны тиімді пайдалану керек, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте басқарма басшыларының осы салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептері тыңдалды. Атап айтқанда, жалпы экономика, білім, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, спорт салалары және әлеуметтік бағыттағы жобалар туралы айтылды. Облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 2017-2024 жылдар аралығында жалпы 204 жоба бойынша әріптестермен келісімшарттар түзіліп, 247,3 млрд теңгеге мемлекеттік міндеттеме алынған. Білім саласы бойынша 28,8 млрд. теңгеге 126 жоба, денсаулық сақтау саласында 1,5 млрд теңгеге 17 жоба, спорт саласы бойынша 13,1 млрд теңгеге 32 жоба, әлеуметтік қамсыздандыру саласында 13,4 млрд теңгеге 2 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 50,4 млрд теңгеге 21 жоба, көлік инфрақұрылым саласында 133,6 млрд теңгеге 2 жоба, цифрландыру саласы бойынша облыста 5,9 млрд теңгеге 1 жоба жүзеге асуда. Бүгінгі таңда 69 жобаның мерзімі аяқталып, 169 млрд теңге міндеттемесі төленді. Жыл қорытындысымен қосымша 84 жобаның мерзімі аяқталады. Биыл жалпы 45,4 млрд теңгеге міндеттеме алынып, 130 жоба іске асырылды, оның ішінде 115 жоба мемлекеттік міндеттемесіз. Білім саласына 18 мектеп-интернаттың асханалары басқаруға берілді. Сондай-ақ мемлекеттік міндеттемесіз 113 жоба немесе 420 мектептің асханасы басқаруға берілді. Жеке инвестиция көлемі – 2,1 млрд теңге, конкурс қорытындысымен жеке әріптестер тарапынан 4 млрд теңгеге ұлғайтуға ұсыныс түскен. Нәтижесінде 227 305 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз ету көзделген. Міндеттеме алған кәсіпкерлерге мектептердің асханасын мемлекеттік стандартқа сәйкестендіріп, материалдық-техникалық базасын жəне ас үй құралдарын жаңарту жүктелген. Спорт саласы бойынша 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқару жобасы іске асырылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша Түркістан қаласындағы 432 гектар аумақты абаттандыру және күтіп ұстау жобасы іске асырылуда. Денсаулық сақтау саласы бойынша облыста бірінші кезекте қайта жаңғыртуды талап ететін нысандарға талдау жұмыстары жүргізіліп, 6 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету нысанын жаңғырту және пайдалану жобасы әзірленген болатын. Жобаға сәйкес жеке әріптес қазіргі мекеменің қызметкерлерін толықтай жұмысқа қабылдап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізеді және жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді деп көзделген. Айта кетейік, Түркістан облысының денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) бағдарламасы аясында 2020-2023 жылдар аралығында 13 фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан өңірінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кеңінен талқыланды. Өңір басшысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қолға алынған жобалар сапалы атқарылуы тиіс екенін ескертті. – Мемлекеттік-жекешелік <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>әріптестік тетігі арқылы жоспарланған және жүзеге асып жатқан жобалардың бәріне талдау жасау керек. Тек тиімділерін ғана қалдырып, әріптестікті жалғастырамыз. Жүктелген талаптарын орындамай жатқандарынан бас тартамыз. Әр басқарма басшысы өздері жетекшілік ететін салалар бойынша келісімшарттарды талдап, қайта пысықтап шықсын. Қаржыны тиімді пайдалану керек, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте басқарма басшыларының осы салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептері тыңдалды. Атап айтқанда, жалпы экономика, білім, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, спорт салалары және әлеуметтік бағыттағы жобалар туралы айтылды. Облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 2017-2024 жылдар аралығында жалпы 204 жоба бойынша әріптестермен келісімшарттар түзіліп, 247,3 млрд теңгеге мемлекеттік міндеттеме алынған. Білім саласы бойынша 28,8 млрд. теңгеге 126 жоба, денсаулық сақтау саласында 1,5 млрд теңгеге 17 жоба, спорт саласы бойынша 13,1 млрд теңгеге 32 жоба, әлеуметтік қамсыздандыру саласында 13,4 млрд теңгеге 2 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 50,4 млрд теңгеге 21 жоба, көлік инфрақұрылым саласында 133,6 млрд теңгеге 2 жоба, цифрландыру саласы бойынша облыста 5,9 млрд теңгеге 1 жоба жүзеге асуда. Бүгінгі таңда 69 жобаның мерзімі аяқталып, 169 млрд теңге міндеттемесі төленді. Жыл қорытындысымен қосымша 84 жобаның мерзімі аяқталады. Биыл жалпы 45,4 млрд теңгеге міндеттеме алынып, 130 жоба іске асырылды, оның ішінде 115 жоба мемлекеттік міндеттемесіз. Білім саласына 18 мектеп-интернаттың асханалары басқаруға берілді. Сондай-ақ мемлекеттік міндеттемесіз 113 жоба немесе 420 мектептің асханасы басқаруға берілді. Жеке инвестиция көлемі – 2,1 млрд теңге, конкурс қорытындысымен жеке әріптестер тарапынан 4 млрд теңгеге ұлғайтуға ұсыныс түскен. Нәтижесінде 227 305 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз ету көзделген. Міндеттеме алған кәсіпкерлерге мектептердің асханасын мемлекеттік стандартқа сәйкестендіріп, материалдық-техникалық базасын жəне ас үй құралдарын жаңарту жүктелген. Спорт саласы бойынша 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқару жобасы іске асырылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша Түркістан қаласындағы 432 гектар аумақты абаттандыру және күтіп ұстау жобасы іске асырылуда. Денсаулық сақтау саласы бойынша облыста бірінші кезекте қайта жаңғыртуды талап ететін нысандарға талдау жұмыстары жүргізіліп, 6 медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету нысанын жаңғырту және пайдалану жобасы әзірленген болатын. Жобаға сәйкес жеке әріптес қазіргі мекеменің қызметкерлерін толықтай жұмысқа қабылдап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізеді және жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді деп көзделген. Айта кетейік, Түркістан облысының денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) бағдарламасы аясында 2020-2023 жылдар аралығында 13 фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар