ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ: Түркістан облысы, 22 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Ол Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге өңірлік полицияның жаңа ғимараттарын ашты. Алдымен 100 мыңнан астам тұрғыны бар Сауран ауданында жаңа полиция ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Үш қабатты нысанның жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады. Ғимаратта жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған. Онда азаматтарды қабылдау және тиімді

қызмет ету үшін қажетті барлық заманауи жабдықтар қарастырылған. Министр тарихи өлкеде қызмет атқарып, тұрғындардың тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген «Ұлттық ұлан» әскери қызметшілерінің қызметімен танысты. Тәуелсіздік жылдары Түркістан облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 60-тан астам полиция қызметкері қаза тапқан. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Осы мақсатта департамент жанына ескерткіш орнатылды. Министр Ержан Саденов пен облыс әкімі Дархан Сатыбалды ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен батырларды еске алды. Сонымен қатар қонақтарға жаңа арнайы техника көрсетілді. Ведомство басшысы жергілікті тәртіп сақшыларын жаңа жұмыс орындарымен құттықтап, бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту және жұмыс процестерін оңтайландыру бар. Одан бөлек қызметтік тәртіпті нығайтуға баса назар аударды. Полиция генерал-лейтенанты жаңадан ашылған қызмет көрсету орталығына барды. Орталықта бір уақытта 50 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Мұнда полиция жұмысына қатысты халықтың мәселелері жедел қаралады. —-

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Ол Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге өңірлік полицияның жаңа ғимараттарын ашты. Алдымен 100 мыңнан астам тұрғыны бар Сауран ауданында жаңа полиция ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Үш қабатты нысанның жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады. Ғимаратта жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалған. Онда азаматтарды қабылдау және тиімді <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>қызмет ету үшін қажетті барлық заманауи жабдықтар қарастырылған. Министр тарихи өлкеде қызмет атқарып, тұрғындардың тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген «Ұлттық ұлан» әскери қызметшілерінің қызметімен танысты. Тәуелсіздік жылдары Түркістан облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 60-тан астам полиция қызметкері қаза тапқан. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Осы мақсатта департамент жанына ескерткіш орнатылды. Министр Ержан Саденов пен облыс әкімі Дархан Сатыбалды ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен батырларды еске алды. Сонымен қатар қонақтарға жаңа арнайы техника көрсетілді. Ведомство басшысы жергілікті тәртіп сақшыларын жаңа жұмыс орындарымен құттықтап, бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту және жұмыс процестерін оңтайландыру бар. Одан бөлек қызметтік тәртіпті нығайтуға баса назар аударды. Полиция генерал-лейтенанты жаңадан ашылған қызмет көрсету орталығына барды. Орталықта бір уақытта 50 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Мұнда полиция жұмысына қатысты халықтың мәселелері жедел қаралады. —-

Аймақтағы жаңалықтар