ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ: Түркістан облысы, 07 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Түркістан өңірінде жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштердің қаралуы талданып, әрбір өтінішке баса назар аударылады. Бүгінде тиісті жұмыстарды жүргізу үшін облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар берілген. Ай сайын облыс әкімі аппараты тарапынан мониторинг жүргізіледі. Өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің мәліметінше, биылғы І жартыжылдық қорытындысымен жыл

басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 30 мыңнан астам жолданым түскен. Барлығы заң аясында қаралып, басым бөлігі шешімін тапқан. Нәтижесі бойынша тиісті шаралар қаралған. Қолайлы әкімшілік акт қабылданып, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес шешім шығарылған. Мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өңір тұрғындарына Түркістан облысының әкімі бекіткен кестеге сәйкес жеке қабылдау өткізіледі. Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы айына бір реттен қабылдап отырады. Жыл басынан бері жалпы 1 мыңға жуық азамат жазылған. 45 қабылдау өткізілген. Оның ішінде облыс әкімі жеке мәселелері бойынша 20-дан астам қабылдау өткізіп, түркістандықтарды тындады. Жеке қабылдауда болған азаматтар түрлі салаға қатысты 564 мәселені көтерген. Өтініш берушілердің белсенділігінің көрсеткіші жоғары аймақтар Мақтаарал ауданы, Түркістан қаласы, Сайрам және Сарыағаш ауданы. Көтерілген мәселелердің дені жер қатынастары, білім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, әлеуметтік және жұмыспен қамтуға, инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығына қатысты. Несие мен қайтарымсыз грант, кәсіпкерлік туралы да жұмыс реттілігі түсіндірілді. Ал сирек түсетін сұрақтар қатарында спорт, мәдениет және экология салалары бар. Өткізілген жеке қабылдаулардың қорытындысы бойынша облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінің тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде азаматтардың мәселесі оң шешілген. Айта кетейік, облыс әкімі аппаратының жанынан ашылған Азаматтарды қабылдау орталығы өткен жылы іске қосылды. Маңыздылығы халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге оң серпін береді. Онда мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен орынбасарларының жеке қабылдауларына жазылып, кезектілік ретімен өзінің мәселелерін ашық және тікелей бөлісу мүмкіндіктері қарастырылған. Осыған орай, Әкімдік тарапынан өңірлік аудан, қалалардағы осындай орталыққа келген азаматтар «ХҚКО» АЖ бірыңғай электрондық кезегіне тіркеледі.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан өңірінде жергілікті атқарушы органдарға келіп түскен өтініштердің қаралуы талданып, әрбір өтінішке баса назар аударылады. Бүгінде тиісті жұмыстарды жүргізу үшін облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне тапсырмалар берілген. Ай сайын облыс әкімі аппараты тарапынан мониторинг жүргізіледі. Өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің мәліметінше, биылғы І жартыжылдық қорытындысымен жыл <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 30 мыңнан астам жолданым түскен. Барлығы заң аясында қаралып, басым бөлігі шешімін тапқан. Нәтижесі бойынша тиісті шаралар қаралған. Қолайлы әкімшілік акт қабылданып, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес шешім шығарылған. Мемлекет Басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өңір тұрғындарына Түркістан облысының әкімі бекіткен кестеге сәйкес жеке қабылдау өткізіледі. Облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы айына бір реттен қабылдап отырады. Жыл басынан бері жалпы 1 мыңға жуық азамат жазылған. 45 қабылдау өткізілген. Оның ішінде облыс әкімі жеке мәселелері бойынша 20-дан астам қабылдау өткізіп, түркістандықтарды тындады. Жеке қабылдауда болған азаматтар түрлі салаға қатысты 564 мәселені көтерген. Өтініш берушілердің белсенділігінің көрсеткіші жоғары аймақтар Мақтаарал ауданы, Түркістан қаласы, Сайрам және Сарыағаш ауданы. Көтерілген мәселелердің дені жер қатынастары, білім және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, әлеуметтік және жұмыспен қамтуға, инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығына қатысты. Несие мен қайтарымсыз грант, кәсіпкерлік туралы да жұмыс реттілігі түсіндірілді. Ал сирек түсетін сұрақтар қатарында спорт, мәдениет және экология салалары бар. Өткізілген жеке қабылдаулардың қорытындысы бойынша облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінің тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде азаматтардың мәселесі оң шешілген. Айта кетейік, облыс әкімі аппаратының жанынан ашылған Азаматтарды қабылдау орталығы өткен жылы іске қосылды. Маңыздылығы халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге оң серпін береді. Онда мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен орынбасарларының жеке қабылдауларына жазылып, кезектілік ретімен өзінің мәселелерін ашық және тікелей бөлісу мүмкіндіктері қарастырылған. Осыған орай, Әкімдік тарапынан өңірлік аудан, қалалардағы осындай орталыққа келген азаматтар «ХҚКО» АЖ бірыңғай электрондық кезегіне тіркеледі.

Аймақтағы жаңалықтар