ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН: Түркістан облысы, 08 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Астана қаласында Түркістан облысы әкімі аппараты басшысы Еркеғали Әлімқұлов Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания штатындағы «EPAM Systems» американдық IT компаниясының басқарма төрағасы Аркадий Добкинмен кездесті. Тараптар Түркістан қаласында технологиялық және білім беру орталығының, сондай-ақ «EPAM Systems» филиалының ашылуын талқылады. Кездесу барысында

Түркістан облысы және ондағы білім саласы туралы, ІТ саласын жетілдіру бойынша әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізілді. Аркадий Добкин ЕРАМ цифрлық инженерия мектебінің ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне тоқталып, әріптестік орнатуға ниет білдірді. – Қазақстанға қош келдіңіз! Біздің кездесуіміз «EPAM Systems» компаниясы мен Қазақстан Республикасының Түркістан облысы арасындағы жаңа және жемісті қарым-қатынастардың бастамасы болады деп сенемін. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білікті мамандарды даярлау арқылы Қазақстанды IT елге айналдырудың стратегиялық маңызын атап өтті. Бұл бағытта біз Түркістан облысында білім беру сапасын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Түркістан облысы еліміздің оңтүстігінде орналасқан. Облыстың әкімшілік орталығы – Түркістан қаласы. Түркістан – ғасырлар бойы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл атқарған Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Бүгінде Түркістан облысы бұл мұраны сақтап қана қоймай, белсенді түрде дамытып келеді. Облыс мектептерінде 522 мың оқушы білім алуда. Біздің облыс түлектер саны бойынша елімізде көшбасшы. Яғни, былтыр 32,6 мың түлек оқу орындарын бітірген. Түркістан қаласында екі халықаралық университет жұмыс істейді. Екі университет те әртүрлі салаларда білім ұсынады және аймақтағы маңызды білім беру орталықтары болып табылады. IT саласының Америкадағы ең мықты компаниясының Түркістанға келіп жұмыс істеуіне тілектеспіз. Жастарымыз білімді, білікті болса, нағыз бәсекеге қабілетті болары сөзсіз, – деді Еркеғали Әлімқұлов. Түркістан қаласында екі халықаралық университет бар. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде 8 мыңға жуық студент білім алуда. Оның ішінде, 5 782 азамат Түркістан облысының тұрғындары болса, 2 211-і – басқа қалалар мен шет елдерден келген азаматтар. Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінде 2 980 студент оқиды. Оның ішінде, Түркістан облысының тұрғындары 1 932 болса, 1 048 студент басқа өңірлерден келген. Түркістан облысында білім саласын, оның ішінде бәсекеге қабілетті ІТ мамандарын даярлауға үлкен мән берілуде. Осыған байланысты 2024 жылғы наурыз айында Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасына жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «WOOSOONG» білім беру қорымен Түркістан қаласында IT университетінің филиалын ашу бойынша келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, маусым айында «WOOSOONG» университетінің делегациясы Түркістан облысына іссапармен келді. Кездесу барысында «WOOSOONG» білім беру қорының төрағасы Ким Сун Кюнмен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының арасында Түркістан қаласында университет құру туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта университет ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылысын аяқтау 2025 жылға жоспарланған. Айта кетейік, EPAM Systems – 1993 жылы құрылған беларуссиялық тамыры бар американдық ІТ компаниясы. Беларуссияның жоғары технологиялар паркінің резиденті тапсырыс бойынша бағдарламалық жасақтама өндіреді, кеңес беру қызметін көрсетеді. Компанияның Штаб-пәтері Пенсильвания штатының Ньютаун қаласында орналасқан және оның филиалдары әлемнің 40-тан астам елінде бар. Компанияның айналымы – 5,5 млрд. АҚШ доллары. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Астана қаласында Түркістан облысы әкімі аппараты басшысы Еркеғали Әлімқұлов Америка Құрама Штаттарының Пенсильвания штатындағы «EPAM Systems» американдық IT компаниясының басқарма төрағасы Аркадий Добкинмен кездесті. Тараптар Түркістан қаласында технологиялық және білім беру орталығының, сондай-ақ «EPAM Systems» филиалының ашылуын талқылады. Кездесу барысында <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Түркістан облысы және ондағы білім саласы туралы, ІТ саласын жетілдіру бойынша әріптестік орнату бойынша келіссөздер жүргізілді. Аркадий Добкин ЕРАМ цифрлық инженерия мектебінің ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне тоқталып, әріптестік орнатуға ниет білдірді. – Қазақстанға қош келдіңіз! Біздің кездесуіміз «EPAM Systems» компаниясы мен Қазақстан Республикасының Түркістан облысы арасындағы жаңа және жемісті қарым-қатынастардың бастамасы болады деп сенемін. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білікті мамандарды даярлау арқылы Қазақстанды IT елге айналдырудың стратегиялық маңызын атап өтті. Бұл бағытта біз Түркістан облысында білім беру сапасын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Түркістан облысы еліміздің оңтүстігінде орналасқан. Облыстың әкімшілік орталығы – Түркістан қаласы. Түркістан – ғасырлар бойы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл атқарған Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Бүгінде Түркістан облысы бұл мұраны сақтап қана қоймай, белсенді түрде дамытып келеді. Облыс мектептерінде 522 мың оқушы білім алуда. Біздің облыс түлектер саны бойынша елімізде көшбасшы. Яғни, былтыр 32,6 мың түлек оқу орындарын бітірген. Түркістан қаласында екі халықаралық университет жұмыс істейді. Екі университет те әртүрлі салаларда білім ұсынады және аймақтағы маңызды білім беру орталықтары болып табылады. IT саласының Америкадағы ең мықты компаниясының Түркістанға келіп жұмыс істеуіне тілектеспіз. Жастарымыз білімді, білікті болса, нағыз бәсекеге қабілетті болары сөзсіз, – деді Еркеғали Әлімқұлов. Түркістан қаласында екі халықаралық университет бар. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде 8 мыңға жуық студент білім алуда. Оның ішінде, 5 782 азамат Түркістан облысының тұрғындары болса, 2 211-і – басқа қалалар мен шет елдерден келген азаматтар. Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінде 2 980 студент оқиды. Оның ішінде, Түркістан облысының тұрғындары 1 932 болса, 1 048 студент басқа өңірлерден келген. Түркістан облысында білім саласын, оның ішінде бәсекеге қабілетті ІТ мамандарын даярлауға үлкен мән берілуде. Осыған байланысты 2024 жылғы наурыз айында Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасына жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «WOOSOONG» білім беру қорымен Түркістан қаласында IT университетінің филиалын ашу бойынша келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде, маусым айында «WOOSOONG» университетінің делегациясы Түркістан облысына іссапармен келді. Кездесу барысында «WOOSOONG» білім беру қорының төрағасы Ким Сун Кюнмен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының арасында Түркістан қаласында университет құру туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта университет ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылысын аяқтау 2025 жылға жоспарланған. Айта кетейік, EPAM Systems – 1993 жылы құрылған беларуссиялық тамыры бар американдық ІТ компаниясы. Беларуссияның жоғары технологиялар паркінің резиденті тапсырыс бойынша бағдарламалық жасақтама өндіреді, кеңес беру қызметін көрсетеді. Компанияның Штаб-пәтері Пенсильвания штатының Ньютаун қаласында орналасқан және оның филиалдары әлемнің 40-тан астам елінде бар. Компанияның айналымы – 5,5 млрд. АҚШ доллары. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар