ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ: Түркістан облысы, 27 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

Түркістан облысының тұрғындары арасында туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен өткен лездемелік жиында, Департаменттің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Серік Қайрат мәлімдеді. Облыста ағымдағы жылдың

5 айында жалпы туберкулездің алғашқы анықталған 308 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар cаны 15. Аурушаңдық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 34,0% жоғарылағанымен, республикалық орта деңгейден 9% төмен. Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Садықбекұлының төрағалығымен өткен жиынға Департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары және аумақтық басқармал басшылары қатысты. Жиын барысында күн тәртібінде қаралған мәселелер бүгінгі таңда аса өзекті екендігі айтылып, жауаптыларға жұмысты күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Айта кетейік, туберкулез - ауру адамнан сау адамға жұғатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы туберкулездің микобактериясы болып табылады. Инфекцияның негізгі көзі - туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас, ол жөтелгенде немесе түшкіргенде қақырық және басқада бөлінділер арқылы туберкулез таяқшаларын сыртқы ортаға бөледі. Міндетті профилактикалық іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру және туберкулезге қарсы пәрменді бақылау, қадағалауды жүзеге асыру санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту басты бағыттардың бірі болып табылады.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысының тұрғындары арасында туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен өткен лездемелік жиында, Департаменттің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Серік Қайрат мәлімдеді. Облыста ағымдағы жылдың <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>5 айында жалпы туберкулездің алғашқы анықталған 308 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар cаны 15. Аурушаңдық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 34,0% жоғарылағанымен, республикалық орта деңгейден 9% төмен. Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Садықбекұлының төрағалығымен өткен жиынға Департамент басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары және аумақтық басқармал басшылары қатысты. Жиын барысында күн тәртібінде қаралған мәселелер бүгінгі таңда аса өзекті екендігі айтылып, жауаптыларға жұмысты күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Айта кетейік, туберкулез - ауру адамнан сау адамға жұғатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы туберкулездің микобактериясы болып табылады. Инфекцияның негізгі көзі - туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас, ол жөтелгенде немесе түшкіргенде қақырық және басқада бөлінділер арқылы туберкулез таяқшаларын сыртқы ортаға бөледі. Міндетті профилактикалық іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру және туберкулезге қарсы пәрменді бақылау, қадағалауды жүзеге асыру санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту басты бағыттардың бірі болып табылады.

Аймақтағы жаңалықтар