ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 1000 МВТ-ҚА ЖЕТЕТІН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР: Түркістан облысы, 24 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 1000 МВТ-ҚА ЖЕТЕТІН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 1000 МВТ-ҚА ЖЕТЕТІН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 1000 МВТ-ҚА ЖЕТЕТІН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында қуаты 1000 мвт-қа жететін бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Мақсұтовпен кездесіп, осы маңыздың жүзеге асырылу барысын талқылады. Өңір басшысы бұл жобаға әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірге басқа да жобаларды талқылауға дайын екенін жеткізді. – Энергетикалық қауіпсіздік – маңызды мәселе. Облысымызда құрылыс басталған бу-газ қондырғысына үлкен үміт артылып отыр. Жобаның уақтылы әрі сапалы жүзеге асуына мүдделіміз және толық қолдау көрсетеміз, – деді Дархан Сатыбалды. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі бу-газ электр станциясы құрылысының қазіргі жай-күйін баяндады. Бүгінде жер жұмыстары аяқталып келеді. – Құрылыс барысын бақылап, көріп келдім. Жұмыс қарқынды жүруде. Қазір 300 адам болса, 2025 жылы құрылысқа 2 мыңнан аса жұмысшы тартылады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба арқылы оңтүстік аймақтағы энергия тапшылығы шешімін тауып қана қоймай, өңірді индустрияландыруға тың серпін беріледі. Елімізде баламасы жоқ маңызды жоба. Бірлесе жұмыс атқарып, бу-газ қондырғысын жоспарға сай тапсырамыз деген ойдамын, – деді Қайрат Мақсұтов. Айта кетейік, Мемлекет басшысының 01.09.2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысында қуаты 1000 МВт-қа дейін бу-газ қондырғысын салу көзделген. Жоба құны болжаммен 722,7 млрд. теңге. Аталған жобаны іске асыру шеңберінде Сайрам ауданынан 60 га жер аумағы белгіленді. 2025 жылы бастапқы 185 МВт электр қуаты, ал 2026 жылдың соңында толық 1000 МВт электр қуаты өндіріледі деп көзделген. Жаңа жобаның құрылысы 2024 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары жүргізу барысында 2 мыңнан астам уақытша, жоба толық іске қосылғанда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысында қуаты 1000 мвт-қа жететін бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Қайрат Мақсұтовпен кездесіп, осы маңыздың жүзеге асырылу барысын талқылады. Өңір басшысы бұл жобаға әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді. <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>«Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірге басқа да жобаларды талқылауға дайын екенін жеткізді. – Энергетикалық қауіпсіздік – маңызды мәселе. Облысымызда құрылыс басталған бу-газ қондырғысына үлкен үміт артылып отыр. Жобаның уақтылы әрі сапалы жүзеге асуына мүдделіміз және толық қолдау көрсетеміз, – деді Дархан Сатыбалды. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі бу-газ электр станциясы құрылысының қазіргі жай-күйін баяндады. Бүгінде жер жұмыстары аяқталып келеді. – Құрылыс барысын бақылап, көріп келдім. Жұмыс қарқынды жүруде. Қазір 300 адам болса, 2025 жылы құрылысқа 2 мыңнан аса жұмысшы тартылады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба арқылы оңтүстік аймақтағы энергия тапшылығы шешімін тауып қана қоймай, өңірді индустрияландыруға тың серпін беріледі. Елімізде баламасы жоқ маңызды жоба. Бірлесе жұмыс атқарып, бу-газ қондырғысын жоспарға сай тапсырамыз деген ойдамын, – деді Қайрат Мақсұтов. Айта кетейік, Мемлекет басшысының 01.09.2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысында қуаты 1000 МВт-қа дейін бу-газ қондырғысын салу көзделген. Жоба құны болжаммен 722,7 млрд. теңге. Аталған жобаны іске асыру шеңберінде Сайрам ауданынан 60 га жер аумағы белгіленді. 2025 жылы бастапқы 185 МВт электр қуаты, ал 2026 жылдың соңында толық 1000 МВт электр қуаты өндіріледі деп көзделген. Жаңа жобаның құрылысы 2024 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары жүргізу барысында 2 мыңнан астам уақытша, жоба толық іске қосылғанда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар