ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ НӘЗІКЖАНДЫ ҚАЛА ӘКІМІ ТРАКТОРҒА МІНІП, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ: Түркістан облысы, 24 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ НӘЗІКЖАНДЫ ҚАЛА ӘКІМІ ТРАКТОРҒА МІНІП, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ НӘЗІКЖАНДЫ ҚАЛА ӘКІМІ ТРАКТОРҒА МІНІП, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ НӘЗІКЖАНДЫ ҚАЛА ӘКІМІ ТРАКТОРҒА МІНІП, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүруде. Кезекті экоакция «Арыс-Шымкент» тас жолы бойынан бастау алды. Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер, спортшылар мен өнер азаматтары, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты. Тазалық шарасына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, акцияны барынша қолдап, әсем

қаланы одан әрі гүлдендіру жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Тракторға мініп, тазалық барысын қадағалаған қала әкімі еңбек адамдарының жұмысын жоғары бағалады. Бұл акцияға мемлекеттік немесе бюджеттік мекеме қызметкерлері емес, тұтас ел атсалысуы тиіс екенін жеткізді. Кең көлемде өткен тазалық акциясына 500-ден астам адам қатысып, белсенділік танытты. Экобелсенділер ағаштарды әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден, қураған бұталардан тазалады. Жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 10-нан астам техника жұмылдырылды. Сенбілік шарасында шаһардың өнерпаздары тұрғындарды тазалыққа шақырып, «Таза Қазақстан» насихатталған әнді шырқап, сенбілікті көңілді мерекеге айналдырды. Айта кетейік, Арыс қаласы көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері көктемнің алғашқы күнінен бастап өтуде. Бүгінде қала орталығындағы жарықшамдарды ретке келтіру, саябақтар мен аллеялардың шөбін ору, суғару жүйесін ретке келтіру, ағаштарды күтіп ұстау жұмыстары күнделікті атқарылып жатыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүруде. Кезекті экоакция «Арыс-Шымкент» тас жолы бойынан бастау алды. Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер, спортшылар мен өнер азаматтары, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты. Тазалық шарасына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, акцияны барынша қолдап, әсем <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>қаланы одан әрі гүлдендіру жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Тракторға мініп, тазалық барысын қадағалаған қала әкімі еңбек адамдарының жұмысын жоғары бағалады. Бұл акцияға мемлекеттік немесе бюджеттік мекеме қызметкерлері емес, тұтас ел атсалысуы тиіс екенін жеткізді. Кең көлемде өткен тазалық акциясына 500-ден астам адам қатысып, белсенділік танытты. Экобелсенділер ағаштарды әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден, қураған бұталардан тазалады. Жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 10-нан астам техника жұмылдырылды. Сенбілік шарасында шаһардың өнерпаздары тұрғындарды тазалыққа шақырып, «Таза Қазақстан» насихатталған әнді шырқап, сенбілікті көңілді мерекеге айналдырды. Айта кетейік, Арыс қаласы көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері көктемнің алғашқы күнінен бастап өтуде. Бүгінде қала орталығындағы жарықшамдарды ретке келтіру, саябақтар мен аллеялардың шөбін ору, суғару жүйесін ретке келтіру, ағаштарды күтіп ұстау жұмыстары күнделікті атқарылып жатыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар