ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚТАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының заманауи тұқымбақ ашу тапсырмасына сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз туры өтіп, өңірдің журналистері облыс орталығында жаңадан құрылып жатқан заманауи тұқымбаққа барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
– Заманауи тұқымбақта 576 м2 жерге жылыжай орнатылған. Жылыжайдың мақсаты – сирек кездесетін ағаштар өсіру. Тұқымбақты дамыту мақсатында сеппе бөлімшесіне ағаш-бұта өсімдіктер тұқымының 11 түрінен 4993 кг тұқым себу жұмыстары жоспарланып, көктем, жаз мезгілінде ағаш тұқымдарының пісіп жетілуіне байланысты 2200 кг тұқым орман тұқымбағына себілген. Қазіргі таңда тұқымбақта барлығы 5,7 миллионнан астам ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Бүгінде орман тұқымбағы тұрақты 48 штаттық бірлік және 3 техникамен қамтамасыз етілген, – деді «Жасыл аймақ» КММ-нің директоры Ибрагим Бигасилов.
Биылғы көктем мезгілінде «Жасыл белдеу» аумағындағы орман екпелерін толықтыруға орман тұқымбағынан 760,0 мың дана әртүрлі ағаш көшеттері қазылып, толықтыруға әр орманшылыққа жіберілді. Қала, аудан орталықтарын көгалдандыру мақсатында өткен жылдың көктем мезгілінде 2 қала, 15 аудан орталықтарына жалпы 411 мыңнан аса әртүрлі ағаш көшеттері берілді және күз мезгілінде 34200 әртүрлі ағаш көшеті орман тұқымбағынан тарқатылды.
Бұдан бөлек биылғы көктем мезгілінде орман тұқымбағынан жалпы 64 мыңнан аса әртүрлі ағаш көшеттері берілген.
Жалпы «Жасыл аймақ» КММ қарасты тұрақты 2 тұқымбақ бар. 240 гектар аумақты алып жатқан бұл бақтарда 30-ға жуық әртүрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде.
Айта кетейік, облыс көлемінде орман тұқымбақтарының көлемі 253 гектар. Оның 14-і типтік заманауи питомниктерде (оның ішінде 10 жылыжай) орналасқан. Мәдени орман алқабына егілетін көшеттер дайындауға аумағы 350 га құрайтын 10 уақытша тұқымбақта 35 миллионнан астам ағаш көшеттері өсірілуде. Көшеттер санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -