ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕТІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ: Түркістан облысы, 08 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕТІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕТІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕТІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Осылайша Әріпбаевтар отбасының саны үш перзентпен толықты. 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін білдірді. Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің

33-аптасында дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 245 грамм болса, екіншісі −1 келі 785, үшіншісінікі 1 келі 805 грамға жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Омар, Усман, Разия деп ат қойыпты. Дәрігерлердің айтуынша алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған. – Бұл үшемдердің туылған кезде жағдайлары ауыр болды. Аппаратта болды. Алғашқы күндері нәрестелер жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде бақылауда болды. Тексеру, емдеу, күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің көмектеріне байланысты бұл үшемдердің жағдайлары жақсы салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр, – дейді дәрігер-неонатолог Таугүл Байдуллақызы. Үшемдердің анасы барлығы жақсы қарап көмектескенін айтып, ақ халатты абзал жандарға алғысын жеткізді. Айта кетейік Түркістан облысы елімізде туу көрсеткіші бойынша алғашқы орында тұрған өңір болып саналады. Киелі аймақта 6 ай ішінде 25045 нәресте дүниеге келген. Ал жыл басынан бері дүние есігін ашқан үшемдер саны 7-еуге жетті. Ал осы мерзім аралығында 311 егіз сәби туылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Осылайша Әріпбаевтар отбасының саны үш перзентпен толықты. 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін білдірді. Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>33-аптасында дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 245 грамм болса, екіншісі −1 келі 785, үшіншісінікі 1 келі 805 грамға жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Омар, Усман, Разия деп ат қойыпты. Дәрігерлердің айтуынша алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған. – Бұл үшемдердің туылған кезде жағдайлары ауыр болды. Аппаратта болды. Алғашқы күндері нәрестелер жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде бақылауда болды. Тексеру, емдеу, күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің көмектеріне байланысты бұл үшемдердің жағдайлары жақсы салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр, – дейді дәрігер-неонатолог Таугүл Байдуллақызы. Үшемдердің анасы барлығы жақсы қарап көмектескенін айтып, ақ халатты абзал жандарға алғысын жеткізді. Айта кетейік Түркістан облысы елімізде туу көрсеткіші бойынша алғашқы орында тұрған өңір болып саналады. Киелі аймақта 6 ай ішінде 25045 нәресте дүниеге келген. Ал жыл басынан бері дүние есігін ашқан үшемдер саны 7-еуге жетті. Ал осы мерзім аралығында 311 егіз сәби туылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар