ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1,4 ЕСЕГЕ АРТТЫ: Түркістан облысы, 24 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1,4 ЕСЕГЕ АРТТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1,4 ЕСЕГЕ АРТТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1,4 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жұмыстарына басымдық беріліп, осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрақты түрде Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарына төрағалық етіп, осы саладағы мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің инвесторларымен тұрақты түрде келіссөз жүруде. Нәтижесінде инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы

республикада үздіктер қатарынан табылып жүр. Жыл басынан бері Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 420,8 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Оның ішінде, 344,3 млрд теңге немесе 80%-дан астамы – жеке инвестиция құрайды. Өңір капиталына салынған инвестициялардың басым үлесі Түркістан қаласы (35,2%) және Созақ (15,4%), Сайрам (6%), Сарыағаш (5,5%) аудандарына тиесілі. Пайдалану бағыты бойынша негізгі 29% үлесі өнеркәсіп арқылы үйлестірілген. Ол 123,9 млрд теңгені құрайды, Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіне 64,1 млрд теңге бағытталса, өңдеу өнеркәсібіне 25,3 млрд теңге тартылған. Ауыл шаруашылығының үлесі 28%-ды құрап, 116,4 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, егін шаруашылығы – 31 млрд теңге, ал мал шаруашылығы – 21,4 млрд теңге. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жұмыстарына басымдық беріліп, осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрақты түрде Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарына төрағалық етіп, осы саладағы мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің инвесторларымен тұрақты түрде келіссөз жүруде. Нәтижесінде инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>республикада үздіктер қатарынан табылып жүр. Жыл басынан бері Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 420,8 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Оның ішінде, 344,3 млрд теңге немесе 80%-дан астамы – жеке инвестиция құрайды. Өңір капиталына салынған инвестициялардың басым үлесі Түркістан қаласы (35,2%) және Созақ (15,4%), Сайрам (6%), Сарыағаш (5,5%) аудандарына тиесілі. Пайдалану бағыты бойынша негізгі 29% үлесі өнеркәсіп арқылы үйлестірілген. Ол 123,9 млрд теңгені құрайды, Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіне 64,1 млрд теңге бағытталса, өңдеу өнеркәсібіне 25,3 млрд теңге тартылған. Ауыл шаруашылығының үлесі 28%-ды құрап, 116,4 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, егін шаруашылығы – 31 млрд теңге, ал мал шаруашылығы – 21,4 млрд теңге. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар