ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ: Түркістан облысы, 15 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТУ ЖӨНІНДЕ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысында 800 елді мекен бас жоспармен қамтылған, орындалу пайызы (99,1%) құрайды. Қалған 7 елді мекенге 2025 жылы оңтайландырылған бас жоспар әзірлеу жоспарланған. Елді мекендердің қолданыстағы бас жоспарлары талапқа сай ма? Қандай кемшіліктер бар? Осы және өзге де мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. – Әр аудан, қала, елді

мекеннің бас жоспары болуы тиіс. Бас жоспар сапалы әрі жүйелі жасалсын. Ұсыныс беріңіздер. Бей-берекет құрылысқа жол берілмейді. Барлық жұмыстар бас жоспар аясында атқарылуы қажет. Жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдері осы мәселеге баса мән беріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаевтің айтуынша, облыста орналасқан елді мекендерде талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 523 бас жоспардың сапасыз екені анықталған. 293 бас жоспардың құрамында векторлық форматтағы сызбалары жоқ, 230-ында тек негізгі сызбалары бар. Осыған орай, бас жоспарларды жобалауға арнайы есептік кесте әзірленген. Жоғарыда аталған кемшіліктер қайталанбауы үшін бас жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру кезеңдері бойынша регламент дайындалған. Қала құрылысы жобаларын қайта түзетуде төрт критерий енгізілді. Олар: бас жоспардың есептік мерзімі (10-15 жыл); әлеуметтік-экономикалық дамуы, халық санының өсу динамикасы; елді мекеннің шегін кеңейту; цифрландыру. Критерийлер негізінде 358 елді мекеннің бас жоспарын қайта түзету бойынша 3 және 5 жылға арналған жол картасының 2 нұсқасының жобасы әзірленді. Одан бөлек, облыс аумағында елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеген жобалаушы мекемелерге талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде сапалы және сапасыз жобалаушы мекемелер анықталды. 44 мекеме сапасыз деп танылса, 5 мекеме – сапалы, ал 2 мекемеге орташа баға берілген. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу кезінде жобалаушы мекеменің қала құрылысы саласында біліктілік талаптарын және тәжірбиесін ескеру қажет. Жиында 2025-2027 және 2025-2029 жылдарға арналған бас жоспарларды әзірлеу және түзету жөніндегі жол картасының жобасы ұсынылды. Сонымен бірге аудан, қала әкімдіктерінде сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне білікті сәулетші мамандарды алу, сәулет саласын дербес бөлімге айналдыру жөнінде ұсыныс берілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысында 800 елді мекен бас жоспармен қамтылған, орындалу пайызы (99,1%) құрайды. Қалған 7 елді мекенге 2025 жылы оңтайландырылған бас жоспар әзірлеу жоспарланған. Елді мекендердің қолданыстағы бас жоспарлары талапқа сай ма? Қандай кемшіліктер бар? Осы және өзге де мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. – Әр аудан, қала, елді <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>мекеннің бас жоспары болуы тиіс. Бас жоспар сапалы әрі жүйелі жасалсын. Ұсыныс беріңіздер. Бей-берекет құрылысқа жол берілмейді. Барлық жұмыстар бас жоспар аясында атқарылуы қажет. Жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдері осы мәселеге баса мән беріңіздер, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаевтің айтуынша, облыста орналасқан елді мекендерде талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 523 бас жоспардың сапасыз екені анықталған. 293 бас жоспардың құрамында векторлық форматтағы сызбалары жоқ, 230-ында тек негізгі сызбалары бар. Осыған орай, бас жоспарларды жобалауға арнайы есептік кесте әзірленген. Жоғарыда аталған кемшіліктер қайталанбауы үшін бас жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру кезеңдері бойынша регламент дайындалған. Қала құрылысы жобаларын қайта түзетуде төрт критерий енгізілді. Олар: бас жоспардың есептік мерзімі (10-15 жыл); әлеуметтік-экономикалық дамуы, халық санының өсу динамикасы; елді мекеннің шегін кеңейту; цифрландыру. Критерийлер негізінде 358 елді мекеннің бас жоспарын қайта түзету бойынша 3 және 5 жылға арналған жол картасының 2 нұсқасының жобасы әзірленді. Одан бөлек, облыс аумағында елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеген жобалаушы мекемелерге талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде сапалы және сапасыз жобалаушы мекемелер анықталды. 44 мекеме сапасыз деп танылса, 5 мекеме – сапалы, ал 2 мекемеге орташа баға берілген. Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу кезінде жобалаушы мекеменің қала құрылысы саласында біліктілік талаптарын және тәжірбиесін ескеру қажет. Жиында 2025-2027 және 2025-2029 жылдарға арналған бас жоспарларды әзірлеу және түзету жөніндегі жол картасының жобасы ұсынылды. Сонымен бірге аудан, қала әкімдіктерінде сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне білікті сәулетші мамандарды алу, сәулет саласын дербес бөлімге айналдыру жөнінде ұсыныс берілді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар