ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ: Түркістан облысы, 01 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

«TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік инвесторлармен G2В форматында кездесу өткізді. Өңір басшысы аймақтың инвестициялық әлеуеті туралы айтып, әрбір инвестордың облыс экономикасына тиімді жобасы назарға алынатынын, қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жалпы жиырмаға жуық инвестормен кездесу

өткізілді. Қытайлық инвестор жеделсаты шығаратын зауыт ашу ұсынысын жеткізді. Қазақстандағы және көрші елдердегі нарықты зерттеп, Түркістан облысында жұмысын бастағысы келетінін айтты. Ал келесі инвестор аймақта кілем, перде және түсқағаз шығаратын өндіріс орнын ашуға ниетті. Халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға қауқарлы компания өкілдеріне тиісті қолдау көрсетілетіні айтылды. – Біз бірлескен жобаларға, жұмыс орнын ашып, өңірдің өндірістік әлеуетін көтеретін бастамаларға әрқашан қолдау көрсетеміз. Мемлекет басшысының инвесторларды қолдау, отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасы бар. Осында зауыт ашып, отандық өнім көлемін арттырсаңыздар мемлекет тарапынан жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін алуға басымдық беріледі. Жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер қарастырылған. Арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар және өндірістік парктер бар. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды. Бетпе-бет жүздесуде сиыр және тауық етін өндіріп, экспорттау, тауық жемін шығаратын цех ашу, электр қуатын өндіру, үлкен музыкалық субұрқақтар, жарық пен көлеңке шоулары, ғимараттарды сыртқы жарықтандыру жобалары ұсынылды. Сондай-ақ құрылыс, логистика, тұрмыстық заттар шығару және өзге де салалар бойынша келіссөздер жүргізілді. Айта кетейік, Түркістан облысында негізгі каптиталға тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 972 млрд теңгені құрап, триллионға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер аймақта өндірістің дамып, өнеркәсіптің дамып жатқанын айғақтайды. Өңірде былтыр өңдеу өнеркәсібінде 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Облыста өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
«TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік инвесторлармен G2В форматында кездесу өткізді. Өңір басшысы аймақтың инвестициялық әлеуеті туралы айтып, әрбір инвестордың облыс экономикасына тиімді жобасы назарға алынатынын, қолдау көрсетілетінін жеткізді. Жалпы жиырмаға жуық инвестормен кездесу <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>өткізілді. Қытайлық инвестор жеделсаты шығаратын зауыт ашу ұсынысын жеткізді. Қазақстандағы және көрші елдердегі нарықты зерттеп, Түркістан облысында жұмысын бастағысы келетінін айтты. Ал келесі инвестор аймақта кілем, перде және түсқағаз шығаратын өндіріс орнын ашуға ниетті. Халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға қауқарлы компания өкілдеріне тиісті қолдау көрсетілетіні айтылды. – Біз бірлескен жобаларға, жұмыс орнын ашып, өңірдің өндірістік әлеуетін көтеретін бастамаларға әрқашан қолдау көрсетеміз. Мемлекет басшысының инвесторларды қолдау, отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасы бар. Осында зауыт ашып, отандық өнім көлемін арттырсаңыздар мемлекет тарапынан жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін алуға басымдық беріледі. Жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер қарастырылған. Арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар және өндірістік парктер бар. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды. Бетпе-бет жүздесуде сиыр және тауық етін өндіріп, экспорттау, тауық жемін шығаратын цех ашу, электр қуатын өндіру, үлкен музыкалық субұрқақтар, жарық пен көлеңке шоулары, ғимараттарды сыртқы жарықтандыру жобалары ұсынылды. Сондай-ақ құрылыс, логистика, тұрмыстық заттар шығару және өзге де салалар бойынша келіссөздер жүргізілді. Айта кетейік, Түркістан облысында негізгі каптиталға тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 972 млрд теңгені құрап, триллионға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер аймақта өндірістің дамып, өнеркәсіптің дамып жатқанын айғақтайды. Өңірде былтыр өңдеу өнеркәсібінде 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Облыста өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар