ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ: Түркістан облысы, 10 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Биыл Қазақстанда алғаш рет ветеринария қызметкерлері күні аталып өтілуде. Түркістан облысында да осы сала өкілдеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы қатысып, ветеринария саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды құттықтады. – Түркістан облысы тұрғындарының басым бөлігі ауылдарда тұрады. Аймақта ауыл шаруашылығы, оның ішінде

мал шаруашылығы жақсы дамыған. Өңіріміз ет экспорты бойынша республикада бірінші орында тұр. Ал облыста эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтап, аймақтың экспорттық әлеуетін көтеруде ветеринария саласы еңбеккерлерінің үлесі мол. Бұл ретте облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен ветеринария саласына қолдау көрсетіліп келеді. Бұл жұмыстар жалғасады. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деген Бейсенбай Тәжібаев бір топ еңбек адамына құрмет көрсетті. «Түркістан облысының үздік мал дәрігері» номинациясымен Арыс қаласы, Қожатоғай ауыл округінің ветеринариялық бекет меңгерушісі Бақыт Малдыбеков, Отырар ауданы, Қарғалы ауыл округінің ветеринариялық бекет меңгерушісі Бекжан Сейдуллаев және Сайрам ауданы, Қарамұрт ауыл округінің ветеринариялық бекет меңгерушісі Зухриддин Махбубеков марапатталды. Сонымен бірге бір топ азаматқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың арнайы алғыс хаты тапсырылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ауыл шаруашылығы саласының және ветеринария саласының «Құрметті ардагері» төсбелгісімен Қанатбек Оспанбеков марапатталады. Іс-шарада Түркістан облысының ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Ағабек Абдиев және Түркістан облысының ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Сапарғали Шоланбай құттықтау сөз сөйлеп, мал дәрігерлеріне марапаттарын ұсынды. Мерекелік жиын облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Айта кетейік, Түркістан облысында ветеринария саласында 2 мың азамат жұмыс істейді. Өңірде былтыр арнайы Ветеринария басқармасы құрылды. Сала мамандарының жалақысы көтерілді, техникалық базалары жаңартылуда. Қазіргі таңда облыс аумағында эпизоотиялық, энзоотиялық жағдай тұрақты және күнделікті бақылауда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Биыл Қазақстанда алғаш рет ветеринария қызметкерлері күні аталып өтілуде. Түркістан облысында да осы сала өкілдеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы қатысып, ветеринария саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды құттықтады. – Түркістан облысы тұрғындарының басым бөлігі ауылдарда тұрады. Аймақта ауыл шаруашылығы, оның ішінде <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>мал шаруашылығы жақсы дамыған. Өңіріміз ет экспорты бойынша республикада бірінші орында тұр. Ал облыста эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтап, аймақтың экспорттық әлеуетін көтеруде ветеринария саласы еңбеккерлерінің үлесі мол. Бұл ретте облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен ветеринария саласына қолдау көрсетіліп келеді. Бұл жұмыстар жалғасады. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деген Бейсенбай Тәжібаев бір топ еңбек адамына құрмет көрсетті. «Түркістан облысының үздік мал дәрігері» номинациясымен Арыс қаласы, Қожатоғай ауыл округінің ветеринариялық бекет меңгерушісі Бақыт Малдыбеков, Отырар ауданы, Қарғалы ауыл округінің ветеринариялық бекет меңгерушісі Бекжан Сейдуллаев және Сайрам ауданы, Қарамұрт ауыл округінің ветеринариялық бекет меңгерушісі Зухриддин Махбубеков марапатталды. Сонымен бірге бір топ азаматқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың арнайы алғыс хаты тапсырылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ауыл шаруашылығы саласының және ветеринария саласының «Құрметті ардагері» төсбелгісімен Қанатбек Оспанбеков марапатталады. Іс-шарада Түркістан облысының ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекция басшысы Ағабек Абдиев және Түркістан облысының ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Сапарғали Шоланбай құттықтау сөз сөйлеп, мал дәрігерлеріне марапаттарын ұсынды. Мерекелік жиын облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Айта кетейік, Түркістан облысында ветеринария саласында 2 мың азамат жұмыс істейді. Өңірде былтыр арнайы Ветеринария басқармасы құрылды. Сала мамандарының жалақысы көтерілді, техникалық базалары жаңартылуда. Қазіргі таңда облыс аумағында эпизоотиялық, энзоотиялық жағдай тұрақты және күнделікті бақылауда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар