ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА: Түркістан облысы, 19 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы ШЖК «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның гепатопанкреатобилиарлы хиурргия және ағзаларды трансплатациялау бөлімшесінде 17-18 маусым күндері Алматы қаласы Қазақстан Республикасының бас хирургі м.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Болатбек Баймахановтың қатысуымен мастер-класс өтті. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Болатбек

Баймахановтың қатысуымен жағдайы ауыр науқастарға кеңес беріліп, емдеу тактикасы шешілді. Соның ішінде, жағдайы ауыр екі науқасқа ота жасалды. Шеберлік алмасу барысында бір науқасқа гастропанкреатодуоденальді резекция отасы жасалынды. Бұл ота ұйқы безінің басының қатерлі ісігінде, жалпы өт жолының терминальді бөлімінің ісігінде, он екі елі ішектің үлкен папиллярының және он екі елі ішек ісігі кезінде жасалады. 68 жастағы науқас 1 айдан бері ауырып, дене сарғаюы пайда болған. Қосымша тексерулер нәтижесінде құрсақ қуысының МРТ-да холедохтың терминальді бөлігінің Фатер түтігінде ісік анықталған. Фатер түтігінің қатерлі ісігі – он екі елі ішектің бір бөлігіне әсер ететін қатерлі ісік. Ауру баяу прогрессивті процесске және кеш метастазға ие. Бұл аймақта ісік түзілуінің өсуі өт жолы ағынының бұзылуына әкеледі. Салдарынан механикалық сарғаю дамиды. Келесі науқасқа Таннер отасы жасалынды. Бұл ота өңештің варикозды тамырларының кеңеюі кезінде және қан кетудің алдын алу мақсатында жасалынады. 28 жастағы науқас Қақпа венасының тромбозы, өңештің варикозды қан тамырларының кеңеюі анықталған. Осыған дейін азаматқа Спленэктомия отасы жасалынып, өңештің варикозды қан тамырларынан қан кетуі кезінде эндоскопиялық лигирлеуі жүргізілген. Қақпа венасының тромбозы – көптеген факторларға байланысты, қақпа қан тамыр жүйесінде қан ұйығышының пайда болу процесі. Ол жедел немесе созылмалы болуы мүмкін. Саларынан өңештің қан тамырларының кеңеюі пайда болып, асқынып, қанауы дамиды. Қазіргі таңда отадан кейін науқастардың жалпы жағдайы жақсы, дренажды түтіктері қанағаттанарлықтай жұмыс жасауда. Бұндай күрделі оталар Астана және Алматы қалаларында жасалынатын. Енді Алматы қаласының «А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-мен» жасалған меморандум аясында қаладағы және жақын аудандардағы хирургиялық паталогиясы бар науқастарға күрделі оталар Түркістан облысы облыстық клиникалық ауруханасының базасында жасалуда. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облысымыздың бауыр циррозымен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек, соның ішінде, бауыр трансплантациясы отасын дамыту мақсатында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары мен тәжірибие алмасулар ұйымдастыру жоспарлануда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы ШЖК «Облыстық клиникалық ауруханасы» МКК-ның гепатопанкреатобилиарлы хиурргия және ағзаларды трансплатациялау бөлімшесінде 17-18 маусым күндері Алматы қаласы Қазақстан Республикасының бас хирургі м.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Болатбек Баймахановтың қатысуымен мастер-класс өтті. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Болатбек <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Баймахановтың қатысуымен жағдайы ауыр науқастарға кеңес беріліп, емдеу тактикасы шешілді. Соның ішінде, жағдайы ауыр екі науқасқа ота жасалды. Шеберлік алмасу барысында бір науқасқа гастропанкреатодуоденальді резекция отасы жасалынды. Бұл ота ұйқы безінің басының қатерлі ісігінде, жалпы өт жолының терминальді бөлімінің ісігінде, он екі елі ішектің үлкен папиллярының және он екі елі ішек ісігі кезінде жасалады. 68 жастағы науқас 1 айдан бері ауырып, дене сарғаюы пайда болған. Қосымша тексерулер нәтижесінде құрсақ қуысының МРТ-да холедохтың терминальді бөлігінің Фатер түтігінде ісік анықталған. Фатер түтігінің қатерлі ісігі – он екі елі ішектің бір бөлігіне әсер ететін қатерлі ісік. Ауру баяу прогрессивті процесске және кеш метастазға ие. Бұл аймақта ісік түзілуінің өсуі өт жолы ағынының бұзылуына әкеледі. Салдарынан механикалық сарғаю дамиды. Келесі науқасқа Таннер отасы жасалынды. Бұл ота өңештің варикозды тамырларының кеңеюі кезінде және қан кетудің алдын алу мақсатында жасалынады. 28 жастағы науқас Қақпа венасының тромбозы, өңештің варикозды қан тамырларының кеңеюі анықталған. Осыған дейін азаматқа Спленэктомия отасы жасалынып, өңештің варикозды қан тамырларынан қан кетуі кезінде эндоскопиялық лигирлеуі жүргізілген. Қақпа венасының тромбозы – көптеген факторларға байланысты, қақпа қан тамыр жүйесінде қан ұйығышының пайда болу процесі. Ол жедел немесе созылмалы болуы мүмкін. Саларынан өңештің қан тамырларының кеңеюі пайда болып, асқынып, қанауы дамиды. Қазіргі таңда отадан кейін науқастардың жалпы жағдайы жақсы, дренажды түтіктері қанағаттанарлықтай жұмыс жасауда. Бұндай күрделі оталар Астана және Алматы қалаларында жасалынатын. Енді Алматы қаласының «А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-мен» жасалған меморандум аясында қаладағы және жақын аудандардағы хирургиялық паталогиясы бар науқастарға күрделі оталар Түркістан облысы облыстық клиникалық ауруханасының базасында жасалуда. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облысымыздың бауыр циррозымен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек, соның ішінде, бауыр трансплантациясы отасын дамыту мақсатында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтары мен тәжірибие алмасулар ұйымдастыру жоспарлануда. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар