ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ: Түркістан облысы, 30 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА БІР КҮНДЕ ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

Бүгін Қараспан және Бөржар ауылдық округтеріне қарасты Батыр ата, Бірлік, Жамбыл ауылдарына газ жетті. Жылдар бойы көгілдір отынға қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Игі шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді.

1300-ден астам тұрғыны бар Батыр ата ауылына газ тарту жұмысы 2020 жылы басталған. Онда 244 абонент бар. Ауылға тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 19,039 шақырымды құрайды. Ал Бірлік пен Жамбыл ауылдарының тұрғындары да көгілдір отынды ұзақ күтті. Бүгінде қос ауылдың халқының саны 2300-ден асып жығылады. Онда 332 абонент бар. Жалпы тартылған газ құбырының ұзындығы 27 шақырымнан асады. Айта өтейік, аудандағы 57 елді мекеннің 19-ы газбен қамтылған. Бұл аудан тұрғындарының 38,2 % -ын құрайды. Маусым айында Қараспан, Бейсен, Мақташы және Ақжол ауылдарына газ беру жоспарланып отыр. Одан бөлек 10 елді мекенді газдандыру жұмыстары қыркүйек-қазан айларында аяталады деп күтілуде. Шара барысында газ мамандары тұрғындарды табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Қараспан және Бөржар ауылдық округтеріне қарасты Батыр ата, Бірлік, Жамбыл ауылдарына газ жетті. Жылдар бойы көгілдір отынға қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Игі шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы қатысып, құттықтауларын жеткізді. <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>1300-ден астам тұрғыны бар Батыр ата ауылына газ тарту жұмысы 2020 жылы басталған. Онда 244 абонент бар. Ауылға тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 19,039 шақырымды құрайды. Ал Бірлік пен Жамбыл ауылдарының тұрғындары да көгілдір отынды ұзақ күтті. Бүгінде қос ауылдың халқының саны 2300-ден асып жығылады. Онда 332 абонент бар. Жалпы тартылған газ құбырының ұзындығы 27 шақырымнан асады. Айта өтейік, аудандағы 57 елді мекеннің 19-ы газбен қамтылған. Бұл аудан тұрғындарының 38,2 % -ын құрайды. Маусым айында Қараспан, Бейсен, Мақташы және Ақжол ауылдарына газ беру жоспарланып отыр. Одан бөлек 10 елді мекенді газдандыру жұмыстары қыркүйек-қазан айларында аяталады деп күтілуде. Шара барысында газ мамандары тұрғындарды табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар