ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Ордабасы ауданындағы «Самұрық» аллеясында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке өтті.
Жәрмеңкеге Шымкент қалалық «Автонұр» сауда орталығының 80- ге жуық кәсіпкерлері қатысып, балалардың мектепке қажетті киім-кешектері мен оқу құралдары жеңілдетілген бағада нарыққа ұсынды.
Аудан әкімі Азат Оралбаев 1 тамыздан бастау алған игі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлерге өз алғысын жеткізді.
Айта кетейік, аталған акция аясында Ордабасы ауданы бойынша әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасыдан шыққан 3 223 бала, құны 43 407 теңгені құрайтын әлеуметтік қолдауға ие болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -