ТҮРКІСТАН: ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА БАРАТЫН СПОРТШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ: Түркістан облысы, 18 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА БАРАТЫН СПОРТШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА БАРАТЫН СПОРТШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА БАРАТЫН СПОРТШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Париж Олимпиадасының басталуына 9 күн қалды. XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркістан облысы, Төле би ауданындағы «Алма Тау» спорт базасында төртжылдықтың басты бәсекесіне қорытынды дайындықтарын пысықтауда. Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов тау баурайындағы спорт базасына арнайы барып,

боксшылармен жүздесті. Ел үмітін арқалап бара жатқан жігіттерге сәттілік тіледі. – Спорт түрлері арсында бокс ерекше орынға ие. Қайсар мінезді қазақтың жігіттері жоғары шеберлігі және талантымен көзге түсіп келеді. Жастардың да бұл спорт түріне қызығушылығы жоғары. Тәуелсіздік алғанан бері Қазақ боксшылары 7 олимпиада ойындарына қатысып, бокстан күміс пен қоланы қоспағанда 7 алтын медалға қол жеткізді. 3 спортшымыз Олимпиаданың үздік боксшысы атанды. Биыл бас бапкер Мырзағали Құланұлының тәжірибесі мен жеке бапкерлердің және спортшыларымыздың талмай еңбек етуінің нәтижесінде команда Олимпиада ойындарына толық құрамда қатысады. Құрметті спортшылар! Олимпиадалық дәстүрлер мен сіздердің шеберлік деңгейлеріңізді ескере отырып, олимп шыңын бағындыру қолдарыңыздан келеді деп сенемін «Вэл Баркер» кубогын 4-ші рет Қазақстанға алып келу сіздерге бұйырсын. Туған елімізге жүлдемен оралуларыңызға тілектеспін! – деді Еркеғали Әлімқұлов. Бокстан ұлттық құрама сапында Түркістан облысының екі спортшысы бар. Олар – Сәкен Бибосынов және Мұхамедсабыр Базарбайұлы. Қос спортшыдан ел үлкен үміт күтіп отыр. Төлеби ауданындағы «Алма Тау» демалыс аймағындағы спорт кешенінде Түркістан облысының спортшыларын шығарып салу рәсімі өтті. Ұлттық құраманың барлық спортшысына және Түркістан облысынан аттанған 5 спортшыға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Төлеби ауданының ақсақалдары, ел ағалары батасын беріп, ақ жол тіледі. Айта кетейік, Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Париж Олимпиадасының басталуына 9 күн қалды. XXXIII жазғы Олимпия ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтеді. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркістан облысы, Төле би ауданындағы «Алма Тау» спорт базасында төртжылдықтың басты бәсекесіне қорытынды дайындықтарын пысықтауда. Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов тау баурайындағы спорт базасына арнайы барып, <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>боксшылармен жүздесті. Ел үмітін арқалап бара жатқан жігіттерге сәттілік тіледі. – Спорт түрлері арсында бокс ерекше орынға ие. Қайсар мінезді қазақтың жігіттері жоғары шеберлігі және талантымен көзге түсіп келеді. Жастардың да бұл спорт түріне қызығушылығы жоғары. Тәуелсіздік алғанан бері Қазақ боксшылары 7 олимпиада ойындарына қатысып, бокстан күміс пен қоланы қоспағанда 7 алтын медалға қол жеткізді. 3 спортшымыз Олимпиаданың үздік боксшысы атанды. Биыл бас бапкер Мырзағали Құланұлының тәжірибесі мен жеке бапкерлердің және спортшыларымыздың талмай еңбек етуінің нәтижесінде команда Олимпиада ойындарына толық құрамда қатысады. Құрметті спортшылар! Олимпиадалық дәстүрлер мен сіздердің шеберлік деңгейлеріңізді ескере отырып, олимп шыңын бағындыру қолдарыңыздан келеді деп сенемін «Вэл Баркер» кубогын 4-ші рет Қазақстанға алып келу сіздерге бұйырсын. Туған елімізге жүлдемен оралуларыңызға тілектеспін! – деді Еркеғали Әлімқұлов. Бокстан ұлттық құрама сапында Түркістан облысының екі спортшысы бар. Олар – Сәкен Бибосынов және Мұхамедсабыр Базарбайұлы. Қос спортшыдан ел үлкен үміт күтіп отыр. Төлеби ауданындағы «Алма Тау» демалыс аймағындағы спорт кешенінде Түркістан облысының спортшыларын шығарып салу рәсімі өтті. Ұлттық құраманың барлық спортшысына және Түркістан облысынан аттанған 5 спортшыға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Төлеби ауданының ақсақалдары, ел ағалары батасын беріп, ақ жол тіледі. Айта кетейік, Франция астанасында Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар