ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОКСШЫ СӘКЕН БИБОСЫНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ: Түркістан облысы, 12 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОКСШЫ СӘКЕН БИБОСЫНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОКСШЫ СӘКЕН БИБОСЫНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БОКСШЫ СӘКЕН БИБОСЫНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауданның спортшысы, бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновты арнайы қабылдады. Жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, алдағы Париж қаласында 2024 жылдың 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетін 33-жазғы Олимпиада ойындарында Көк Туымызды желбірете беруіне сәттілік тіледі. – Биыл Италия елінің Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде 4

рет жекпе-жек өткізіп, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алып, жоғары жетістікке қол жеткізген болатынсыз. Олимпиада ойындарына осымен қатарынан екінші мәрте баратын отандық спортшы ретінде барша аудан халқы Сізге сенім артып отырмыз. Бұл жолы да аламан сайыста қоржыныңызға алтын салып қайтатыныңызға сенемін, – деді аудан әкімі. Бұдан бөлек, әлемдік бәсекеде жеңіс белесін бағындыруына тілектестігін білдіріп, еліміздің көк байрағы мен ұлттық бұйымымыз сауытты тарту етті. Өз кезегінде, боксшы ақжолтай тілегін арнаған аудан әкіміне алғыс айтып, өзінің есімі жазылған былғары қолғапты арнайы сыйға берді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауданның спортшысы, бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновты арнайы қабылдады. Жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, алдағы Париж қаласында 2024 жылдың 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетін 33-жазғы Олимпиада ойындарында Көк Туымызды желбірете беруіне сәттілік тіледі. – Биыл Италия елінің Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде 4 <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>рет жекпе-жек өткізіп, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алып, жоғары жетістікке қол жеткізген болатынсыз. Олимпиада ойындарына осымен қатарынан екінші мәрте баратын отандық спортшы ретінде барша аудан халқы Сізге сенім артып отырмыз. Бұл жолы да аламан сайыста қоржыныңызға алтын салып қайтатыныңызға сенемін, – деді аудан әкімі. Бұдан бөлек, әлемдік бәсекеде жеңіс белесін бағындыруына тілектестігін білдіріп, еліміздің көк байрағы мен ұлттық бұйымымыз сауытты тарту етті. Өз кезегінде, боксшы ақжолтай тілегін арнаған аудан әкіміне алғыс айтып, өзінің есімі жазылған былғары қолғапты арнайы сыйға берді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар