ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ
Бүгін сайрамдықтар көптен күткен қуанышқа кенеліп отыр. Тұрғындар бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы, Сайрам аудандық филиалында жалғыз ғана халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын-сонар кезек күтетін. Мiне, бүгін осы орталықтың қатары ауданға қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округі, Қасымбек Датқа ауылындағы «Жаңақұрылыс 2» ғимаратында ашылған тағы бiр бөліммен толықты.
Сандық кеңсенің ашылу салтанатында аудан әкімі Арман Сәбитов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Айдос Ашетов және Қайнарбұлақ ауылдық округінің төбе биі Уәш Бөрібекұлы құттықтау сөз сөйлеп, арнайы лентасын қиды. Бұл бастаманың халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда алатын орны айрықша екенін айтты.
Жаңадан ашылған орталық ауданға қарасты Қайнарбұлақ, Құтарыс және Көлкент ауылдық округтеріндегі 43000 тұрғынға қызмет көрсетедi. Азаматтар 10 терезе арқылы екі ауысымда ЭЦҚ алу, тұрғын үй, жер телімдері құжаттарын рәсімдеу бойынша орталықтың көмегіне жүгіне алады. Өз кезегінде, тұрғындар енді мемлекеттік қызметтер шеңберіндегі шаруаларын шешу үшін аудан орталығына сабылмай, жақын жерде қол жеткізетініне ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, алдағы уақытта азаматтарға көші-қон құжаттары бойынша қызмет алу түрін енгізу жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -