ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН БИОГАЗ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ: Түркістан облысы, 15 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН БИОГАЗ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН БИОГАЗ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН БИОГАЗ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН БИОГАЗ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА МАЛ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН БИОГАЗ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл ретте Сайрам ауданында түрік технологиясы негізінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қолға алынуда. Олардың қатарында түрік инвесторлары қызығушылық танытқан ауыл шаруашылығы саласындағы жоба да бар. «Burabai biogas&fertilizers factory» ЖШС компаниясы аудан қазынасына инвестиция

құюға ниетті. Биогаз өндіретін компанияның өкілдері аудан әкімі Арман Сәбитовпен кездесті. Басқосуда кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту мақсатында ауданда 15 га аумаққа мал қалдықтарынан биогаз өндіретін зауыт салу жайы талқыланды. Бұдан бөлек, биогаз өндірісінің патенттелген технологиясының қатты, сұйық органикалық және органоминералды тыңайтқыштарды біріктіретін, жұмыс істеу икемділігінің тиімділігіне тоқталды. 2024-2025 жылдары салынатын биогаз зауытының эскиздік жобасы жайлы жоспарларымен бөлісті. – Жобаны жүзеге асыру үшін алдымен біз жоспарды және жұмыстың орындалу мерзімін анықтап алуымыз қажет. Жұмыстардың кезең-кезеңімен жүргізілетіні жөнінде мәлімет толығымен жинақталуы тиіс. Қазіргі сіздер ұсынған жобаларға қатысты заң аясында қолдау қарастырылады. Аудан аумағында өндіріс көлемін көбейту – біздің басты мақсатымыз, – деді Арман Сәбитұлы. Компания Қазақстан аумағында 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жоба негізінен органоминералды тыңайтқыштар мен мал қалдықтарын өңдеуге, биогазды тазарту процесінен өткізіп, электр және жылу энергиясын жетілдіруге бағытталған. Аталған өндіріс орны іске қосылғанда мал қалдықтары пайдаға асып, толығымен қайта өңделеді деп күтілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл ретте Сайрам ауданында түрік технологиясы негізінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қолға алынуда. Олардың қатарында түрік инвесторлары қызығушылық танытқан ауыл шаруашылығы саласындағы жоба да бар. «Burabai biogas&amp;fertilizers factory» ЖШС компаниясы аудан қазынасына инвестиция <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>құюға ниетті. Биогаз өндіретін компанияның өкілдері аудан әкімі Арман Сәбитовпен кездесті. Басқосуда кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту мақсатында ауданда 15 га аумаққа мал қалдықтарынан биогаз өндіретін зауыт салу жайы талқыланды. Бұдан бөлек, биогаз өндірісінің патенттелген технологиясының қатты, сұйық органикалық және органоминералды тыңайтқыштарды біріктіретін, жұмыс істеу икемділігінің тиімділігіне тоқталды. 2024-2025 жылдары салынатын биогаз зауытының эскиздік жобасы жайлы жоспарларымен бөлісті. – Жобаны жүзеге асыру үшін алдымен біз жоспарды және жұмыстың орындалу мерзімін анықтап алуымыз қажет. Жұмыстардың кезең-кезеңімен жүргізілетіні жөнінде мәлімет толығымен жинақталуы тиіс. Қазіргі сіздер ұсынған жобаларға қатысты заң аясында қолдау қарастырылады. Аудан аумағында өндіріс көлемін көбейту – біздің басты мақсатымыз, – деді Арман Сәбитұлы. Компания Қазақстан аумағында 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл жоба негізінен органоминералды тыңайтқыштар мен мал қалдықтарын өңдеуге, биогазды тазарту процесінен өткізіп, электр және жылу энергиясын жетілдіруге бағытталған. Аталған өндіріс орны іске қосылғанда мал қалдықтары пайдаға асып, толығымен қайта өңделеді деп күтілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар